Семейде 30 жылдан кейін әкесі мен баласы қауышты

0

Семей полицейлері бір-бірін 30 жыл көрмеген әке мен баланы қауыштырды, деп хабарлайды Kznews.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz. порталына сілтеме жасап.

Павлодар қаласының тұрғыны ұзақ уақыт бойы әкесін көрмеген. Ол екі жаста болғанда ата-анасы ажырасып кеткен еді. Өзі қазіргі уақытта Павлодар қаласында анасымен бірге тұрады. Жақында әкесін іздеп табамын деп шешім қабылдап, оның тұрғылықты жерін анықтау мақсатында Семей қаласының полицейлерінен көмек сұрады.

Әуезов полиция бөлімінің учаскелік инспекторы Әділ Баймурин толыққанды іздеуді ұйымдастырып, ер адамның мекенжайын анықтады. Оның ескі мекенжайда ұзақ уақыт тұрмағаны, пәтерін сатқаны және шаруа қожалығына жұмыс істеуге көшкені белгілі болды. Екі жаққа кеткеннен бері арада 30 жыл өткен, ақырында учаскелік полицияның арқасында әке мен бала қайта табысты.