Өзбекстан президенті райынан қайтты
Өзбекстан Президенті Конституцияға наразылық тудырған түзетулерден бас тартуды ұсынды
Шавкат Мирзиеев Нүкіс қаласына келіп, Жоқарғы Кеңес депутаттарымен, аға буын өкілдерімен және Қарақалпақстан активімен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды талқылау үдерісі әлі де жалғасып жатқанын ескере отырып, сондай-ақ Қарақалпақстан тұрғындары айтқан пікірлерді зерделеу негізінде президент Өзбекстан Республикасы Конституциясының 70, 71, 72, 74, 75-баптарының қолданыстағы редакцияларын өзгеріссіз сақтау қажеттігін атап өтті.