Нұр-Сұлтанда журналист Махамбет Абжан ұсталды

0

Нұр-Сұлтанда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет журналист Махамбет Абжанды ұстады. Ол бопсалау дерегі бойынша күдікке ілінді, деп хабарлайды ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің ресми Telegram-каналы.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет БАҚ-та нұқсан келтіретін мәліметтер тарату қаупімен кәсіпкерден аса ірі көлемде ақша қаражатын бопсалаған азамат М. Абжанның қылмыстық әрекетінің жолын кесті. 3 шілдеде жүргізген арнайы операцияның нәтижесінде азамат М. Абжан 50 миллион теңге алғаннан кейін ұсталып, Нұр-Cұлтан қаласының уақытша ұстау орталығына қамауға алынды. М. Абжанның басқа да ұқсас қылмыстарға қатыстылығы туралы ақпарат тексерілуде», — делінген ресми хабарламада.