Өзбек пен Қарақалпақ арасына түсіп не керек?

0
1349
Tashkent TV Tower Aerial Shot During Sunset in Uzbekistan

Соңғы күндері әлеуметтік желіге кіре қалсаң, өзбек пен қарақалпақ қатынасын қозғамайтын адам кемде-кем. Рас-өтірігі беймәлім ақпараттардан көзің сүрінеді. Біз соның жай-жапсарын анықтап көрмек болдық.

Көрші елде шын мәнісінде не болып жатыр?

20 маусым күні Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев Конституцияға өзгерістер енгізу бойынша референдум өткізуді ұсынды. Ол қолданыстағы заңнамаға сәйкес, Парламенттің өзі Конституцияға өзгертулер енгізуге құқылы екенін, бірақ мұны халықтың еркіне сүйене отырып жасаған дұрысырақ болатынын мәлімдеді.
Өзбекстанның жаңа конституциясының жобасы баспасөзде жарияланып, көптің талқысына шығарылды. Алайда жаңа конституцияда Қарақалпақстанды егемендік статусынан және Өзбекстаннан бөлініп шығу құқығынан айыратын өзгерістер бар болып шықты. Ал Өзбекстанның қазіргі конституциясы бойынша Қарақалпақстан егеменді ел болып саналады. Тіпті «Қарақалпақстан бүкілхалықтық референдум негізінде Өзбекстан құрамынан бөлініп шыға алады» деп көрсетілген. Жаңа өзгерістерден бұл нормалар алынып тасталған.

Еске сала кетейік, Конституцияның 70, 71, 72, 74 және 75 баптарында Қарақалпақстанның жаңа статусы көрсетілген.

Сәйкесінше, Қарақалпақстанда өзгерістерге қатысты қарсылық шаралары басталды. Енді олар Қарақалпақстанның Өзбекстан құрамынан шығу мәселесін референдум арқылы шешуді көздеп отыр. Бірақ бұл талаптарға Өзбек билігінің реакциясы қандай болары белгісіз. Әзірге бар білеріміз жер жерде наразылық акциялары жалғасып жатқан көрінеді.

Көрші елдегі мәселе сонау Кәрімовтың кезінен шешімін таппай келеді. Бұл ретте кейбір басылымдар Қарақалпақтар Қазақстанға қосылғысы бар, әншейінде бауырмыз дейтін қазақтар қайда қалды дегенге келтіріпті. Бірақ бұлардың пиғылы белгілі ғой. Бұған қазақтың қатысы қанша? Онсызда Орта Азиядағы саяси ахуал ушыға түскенде бұл іске араласып не керек? Сондықтанда тараптар ортақ келісімге келсе екен дейміз. Себебі бір тоқтамға келмей іс өнбейді. Бейбіт заманда берекетіміз қашпасын!

Оралбай МЕРГЕНБАЙҰЛЫ