өз ұлын аяусыз өлтірген ақтаулық әйел темір тордан босатылды

0

Жантүршігерлік оқиға өткен жылдың қазан айында болған

НҰР-СҰЛТАН, 2 мамыр – Sputnik. Ақтауда сот 9 жастағы туған ұлын тұншықтырып өлтірген әйелді мәжбүрлі түрде психиатриялық ауруханада емдеу туралы үкім шығарды, деп хабарлайды жергілікті inaktau.kz порталы.

Сот-психиатриялық сараптаманың қорытындысына сәйкес, Ақтау қаласының тұрғыны қылмыс жасаған сәтте психикалық денсаулығы сыр беріп, басы қатты ауырып, жүйкесі әбден тозған.

Тағы оқыңыз: Қарағанды тұрғыны туған қызына пышақ тақады: оқиғаның мән-жайы

Маңғыстау облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен сотталушы А. қылмыстық жауапкершіліктен босатылды. Ол қылмыс жасаған сәтте өз ісіне жауап бере алмайтын халде болған.

Соттың үкімімен әйел адам республикалық психиатриялық аурухана жанындағы психиатриялық стационарда мәжбүрлі түрде емделуге міндеттелді. Үкім заңды күшіне әлі енген жоқ.

Тағы оқыңыз: Жаңа туған баланы әке-шешесі бақсының кеңесімен тірідей көміп тастады

Айта кетсек, жантүршігерлік оқиға 2018 жылдың 14 қазанында Ақтау қаласында болған. Әйел 9 жастағы ұлының аяқ-қолын үйдегі батареяға байлап, тұншықтырып өлтірген. Анасының қолынан қаза тапқан бала қаладағы №7 мектептің үшінші сыныбында оқыған.



sputniknews.kz