Өткен жылы қазақстандықтар 17,6 млрд теңгеге темекі сатып алған
2020 жылдың 11 айында әрбір қазақстандық темекіге орташа есеппен 34,8 мың теңге жұмсады, деп хабарлайды KzNews ақпарат агенттігі energyprom.kz порталына сілтеме жасап.
2020 жылдың желтоқсанында фильтрлі сигарет бағасы 1 жыл бұрынғыға қарағанда 14,9 пайызға қымбаттады.
Темекі бағасының өсімі Атырау (бір жылда 20,9 пайыз), Жамбыл (20,3) және Алматы облысының тұрғындарына қатты сезілді. Еліміздің қалаларындағы базарлар мен дүкендерде бір қорап темекі бағасы желтоқсанда 508 теңгеге жетті.
2020 жылдың 11 айының қорытындысында жергілікті компаниялар ішкі нарықтарды темекі және папироспен 75,2 пайызға қамтамасыз етті. Ал 2019 жылы бұл көрсеткіш небәрі 30,9 пайызды құраған болатын.
Аталған кезең ішінде өндіріс көлемі 2,5 пайызға төмендегеніне қарамастан импорт бірден 7 есеге, 5 млрд данаға дейін қысқарды. Экспорт үлесі 2,7 млрд сигарет пен папиросты құрады.
Ел тұрғындары 11 айда 17,6 млрд дана темекі шекті. Бұл ретте шылымқорлардың үлесі бір жыл бұрынғы көрсеткішке қарағанда бірден 32,9 пайызға азайып отыр. 2020 жылдың қаңтар-қарашасында әрбір ересек қазақстандық 1,5 мың дана сигарет пен папирос немесе күніне 4,4 дана темекі шеккен.
Ұлттық статистика бюросының мәліметтеріне сәйкес, 2020 жылдың қаңтар-қарашасы аралығында сигареттің орташа бағасы қорабына 477 теңге болды. Бір қорапта 20 сигарет болған кезде 11 айда әрбір қазақстандық орташа есеппен 73 қорап темекі сатып алып, оған 34,8 мың теңге жұмсаған.