Вице-министр: Карантинсіз өмірге оралу үшін халықтың 50% вакцина алуы керек

0

Қазақстан бас санитар дәрігері Ерлан Қиясов карантинсіз өмірге оралу үшін қазақстандықтардың не істеуі керегін айтты, деп хабарлайды KzNews.kz ақпарат агенттігі.

«Егер халықтың кем дегенде 50% вакцина алса, иммундық қабат пайда болады. Осылайша, еш шектеусіз, карантинсіз, локдаунсыз қалыпты өмірге орала аламыз. Вакциналаудың ең басты нәтижесі осы болады», — дейді вице-министр Ерлан Қиясов.

Сондай-ақ, вице-министр жыл соңына дейін 6 миллион адамды вакцинамен қамтамасыз ету жоспарланғанын атап өтті.

«Жалпы, егу жұмысы 10 миллион азаматқа дейін есептелген. Бәрінің вакцина алғанын қалар едік, өйткені коронавирустың қандай қауіпті инфекция екенін білесіздер. Бәріңізді вакцина алуға шақырамыз», — деді Бас мемлекеттік санитар дәрігер.