Өткен жылы Ауғанстанда 3 мыңнан астам бейбіт тұрғын шабуылдан мерт болды

0

Біріккен Ұлттар Ұйымының Ауғанстанға қолдау көрсету миссиясы (UNAMA) дерегінше, 2019 жылы мұнда 3404 бейбіт тұрғын шабуылдан қаза тапқан, 6 989 адам жарақаттанған. 22 ақпанда UNAMA жариялаған есепте осындай дерек айтылады. Ұйым өкілдері осымен алтыншы рет есебін таныстырды.

Дегенмен 2018 жылмен салыстырғанда шабуыл құрбандарының саны бес пайызға азайғаны байқалады.

«Ауғанстанда азаматтардың ешқайсысы жалғасып жатқан шабуылдың зардабынан құтылып көрген емес» деді миссия жетекшісі Тадамичи Ямомото.

Ол тараптарды соғысты тоқтату үшін мүмкіндіктің бәрін пайдалануға шақырды.

«Бейбіт азаматтардың өмірі қорғалуы тиіс және бейбітшілікке қол жеткізу үшін қадамдар жасалып жатыр» деді ол.

22 ақпанда Ауғанстанда бейбіт келісім ішінара күшіне енген.

Оқи отырыңыз: АҚШ пен тәліптер бейбіт келісімге қол жеткізді

Azattyq