Home Жаңалықтар Қазақстанда 24 ақпанда қандай маңызды оқиғалар болады

Қазақстанда 24 ақпанда қандай маңызды оқиғалар болады

0
36

Sputnik Қазақстан 24 ақпанда болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды. Сондай-ақ, 25-29 ақпан аралығында не жоспарланғанын біле аласыз

24 ақпанға жоспарланған шаралар

АЛМАТЫ

11.00 – «Ізгілік елшісі – Акселератор добра» республикалық еріктілер съезі. Іс-шара барысында Қазақстандағы еріктілер қозғалысының жаңа бағыты – заң көмегін көрсету бойынша еріктілік таныстырылады, сондай-ақ аралық нәтижелер шығарылып, 2020 жылға арналған жұмыс жоспарлары жарияланады (Almaty Towers БО, Байзақов, 280. Аккредитация  +7 (7272) 78-73-90, WhatsApp +7 707 280 29 23телефондары арқылы жасалады).

25 ақпанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

11.00 – Ресей, Беларусь және Қазақстан журналистерінің Нұр-Сұлтанға баспасөз-туры аясында «Жаңа онджылдықтағы ЕАЭО» дөңгелек үстелі өтеді. Шара «Еуразия көпірі» жобасы аясында болады (Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, мәжіліс залы. Аккредитация: +7 (985) 687 73 31 немесе [email protected]).

АЛМАТЫ

10.00 – Үнді халқының көрмесі ұйымдастырылады («Атамекен» көрме орталығы).

10.00 – Халықаралық Startup бағдарламасы аясында венчурлық көрме болады («DoubleTree by Hilton Almaty» отелі, Досмұхамедов көшесі, 115. Байланыс телефоны: +7 778 221 52 45).

26 ақпанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

19.00 – «Пианисты правят бал» концерті өткізіледі («Астана Опера» театры, Қонаев көшесі, 1).

27 ақпанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

10.00 – «Көпғасырлық символизм» көрмесі ұйымдастырылады (Ұлттық музей. Байланыс телефоны: +7 (7172) 91 90 35).

19.00 – «Манон» балеті қойылады («Астана Опера» театры, Қонаев көшесі, 1).

АҚМОЛА ОБЛЫСЫ

15.00 – Туристік көпсайыс бойынша Қазақстанның ашық чемпионаты өтеді (Бурабай ауданы, Қатаркөл ауылы, «Звездный» балалар орталығы).

АЛМАТЫ

17.00 – «Мартин Лютер Кинг: Король без королевства» фильмі көрсетіледі (American Space Almaty, Байзақов көшесі, 280).

29 ақпанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

17.00 – «Музыкальные встречи в столице» концерті болады («Астана Опера» театры, Қонаев көшесі, 1).

18.00 – «Astana Ballet presents» жобасы ұйымдастырылады. Бағдарламаға неоклассикалық стильдегі үш бір актілі балет кіреді – «Concerto Barocco», «A Journey of Memory», «Love’s Lost Idols» («Астана Балет» театры, Ұлы Дала даңғылы, 9. Байланыс телефондары +7 702 947 80 53, + 7 776 153 79 78).

АЛМАТЫ

09.00 – «Шектеусіз» қайырымдылық байқауы өткізіледі. Барлық ақша концерт алаңын жалға алуға, сыйлыққа жұмсалады. Байқауға мүмкіндігі шектеулі адамдар қатысады, олар өз қабілеттерін 4 номинацияда көрсетеді: вокал, аспаптық шеберлік, хореография және арт-өнер (Grand Park, Қабдолов көшесі, 1. Байланыс телефоны: +7 747 647 22 06).

12.00 – «Біз Алматы» жобасының жабылу фестивалі өтеді. Фестиваль күні бойы болады және бірнеше зонаға бөлінеді (Q-lab қалалық жобалар зертханасы, Абай даңғылы, 90).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.



sputniknews.kz