Өткен жылы Алматы облысының туристік әлеуеті қалай өзгерді?
Алматы облысының туризм басқармасының 2023 жылы жүргізген жұмыстары бойынша қорытындысы
Өздеріңіз білетіндей, Алматы облысы жылдан жылға өзінің бірегей және тарихи маңызды орындарымен көп туристерді өзіне баурап, қабылдауда. Атап айтқанда, Алматы облысының туристік әлеуетін «Іле-Алатау», «Шарын», «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи парктері, Қапшағай су қоймасы, Балқаш көлі, «Таңбалы» мұражай-қорығы, Талхиз қалашығы, Алматы тау кластері және басқа да маңызды көрікті жерлерімен еліктіреді.
Қазақстандықтар өздерінің бос уақыттарын өткізу үшін еліміздің көрікті жерлерін жиі таңдау тенденциясы байқалады және соның ішінде біздің облыстың әдемі табиғатын демалыс өткізуге таңдағаны біз үшін үлкен мақтаныш.Әлемде цифрлық индустрияның дамуы нәтижесінде Алматы облысының көрікті жерлері шетелдік туристерді де көбірек тарта бастады. Өз кезегінде, өткен жылы келушілердің ағынының көбеюімен және турситерге қолайлы жағдай жасау мақсатында Қайыңды, Көлсай көлдері, Шарын шатқалы аумағында жеделдетілген инфрақұрылымдық жөндеулер жасалынды.
Өткен жылы Алматы облысының туризм басқармасы Алматы облысының туристік әлеуетін арттыру және ақпараттандыру бойынша жұмыстар жүргізіп, қажетті инфрақұрылым құрылды, облыстың туристік кластерін қалыптастыруға, ішкі және сыртқы туристік нарықта оң имидж қалыптастыруға, туризм саласында көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды. Сонымен қатар, әлемдік тәжірибеде туристерді тарту және дамыту тәжірибесіне сәйкес «Visit Alatau» Алматы облысының жаңа туристік бренді бекітілді.
Туризм басқармасы өз қызметін туристік дамудың бес негізгі бағыты бойынша жүзеге асырады:
- туристік іс-шараларға қатысу және өңірдегі туристік саясатты айқындау;
- туристік инфрақұрылымды дамыту;
- өңірдің туристік саласына инвестициялар тарту бойынша жергілікті және шетелдік инвесторлармен жұмыс;
- туристік қызмет саласына талдау жүргізу, стратегиялық құжаттарда көрсетілген индикаторларға мониторинг жүргізу және туроператорларға лицензия беру;
- инфрақұрылымды дамыту үшін жағдай жасау, оның ішінде субсидиялар бөлу жөніндегі комиссияларды өткізу — деп атап өтті Алматы облысы туризм басқармасының басшысы Айбар Теменов.
Туристік бағытты дамыту саласында өткен жылы шетелдік туристердің айтарлықтай өсуі байқалады: 2023 жылы сыртқы туризмі 81 мың адамды, ішкі туризм – 1,1 млн. адамды құрады.
Ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап шетелдік туристік ағындарды, көші-қонды есепке алу үшін «eQonaq» ақпараттық жүйесін енгізу бойынша үлкен жұмыс атқарылды. Сондай-ақ, ағымдағы жылдың қараша айындағы жағдай бойынша Алматы облысы, Алматы (406,9 мың) және Астана (207,1 мың) қалаларынан кейін туристер ағыны бойынша бірінші үштіктен (81 мың) көрінді.
Биылғы жылы жаңа концептуалды туристік өнімдерді қалыптастыруға, елдегі және әлемдегі туристік нарық үрдістерін жан – жақты зерделеуге ерекше назар аударылды, білікті мамандарды, республикалық институттар мен туристік сала университеттерінің ғалымдарын тарта отырып, Алматы облысының туристік саласының 2023-2026 жылдарға арналған мастер-жоспары әзірленді. Сонымен қатар, әр ауданның ерекшелігі мен туристік әлеуетін ескере отырып, Жол картасының жобасы әзірленді. Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде аудандар мен ауылдық округтердегі туристік нарықты дамытудың қысқа мерзімді үрдістері, негізгі туристік өнімдер мен жобалардың индикаторларына қол жеткізуге және іске асыруға бағытталған нақты қадамдар көрсетілді.
Мастер-жоспарға сәйкес облыс аумағы бойынша 9 жаңа зәкірлі туристік өнім әзірленді: Қапшағай су қоймасы, Алатау тау кластері, ұлттық парктер аумағы, жүзімдіктер, «Таңбалы» мұражай-қорығы, «Сокол» автодромы, Балқаш көлі, Хан Тәңірі шыңы және Шонжы ыстық бұлақтары. Мастер-жоспар алдағы 3 жылда туризм саласын дамыту үшін қажетті стратегиялық құжат болып табылады.
Туристердің пікірін ескере отырып, биыл алғаш рет абаттандыруға көңіл бөлінді, атап айтқанда 337 шақырым тау жолдары мен маршруттар абаттандырылды, қосымша қоқыс жәшіктері қойылды, Көлсай көлінде жарықтандырумен пирс, беседкалар, орындықтар, фотоаймағы бар қарау алаңдары, ақпараттық қалқандар, көрсеткіштер, жаяу жүргіншілер көпірлері мен шағын сәулет нысандары орнатылды.
Бұдан басқа, Көлсай көлдерінің аумағындағы туристік ағымды реттеу және ұсынылатын сервистің сапасын арттыру мақсатында ұлттық парк жанындағы автотұрақтарды, қоғамдық тамақтандыру орындарын және сауда дүңгіршектерін ауыстыру жөнінде шаралар қабылдануда. Сондай-ақ туристік дестинацияда көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу әдістерін жүйелеу, оның ішінде төлемнің бірыңғай және бекітілген нысанын енгізу жүргізілуде. Қабылданған шаралар сөзсіз өңірдің оң имиджін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Алматы тау кластерінде инженерлік инфрақұрылымды құру жөніндегі нормалар болмағандықтан, әкімдік мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің аумағында орналасқан туризм объектілеріне инженерлік инфрақұрылымды жүргізу жөніндегі нормалары көрсетілген заңнамаға өзгерістер енгізу туралы мәселені бірнеше рет көтерді. Алматы облысының туризм басқармасы ҚР Мәдениет және спорт министрлігімен бірлесіп, кейбір заңдарға, оның ішінде Бюджет кодексіне, инженерлік инфрақұрылымды туристік объектілерге жеткізуге мүмкіндік беретін «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Туристік қызмет туралы» заңдарға тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша бойынша үлкен жұмыс жүргізуде.
Инвестицияларды тарту мақсатында әлеуетті инвесторларға тұрақты негізде мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде өзара іс-қимыл ұсынылады. Әкімдік тарапынан жер учаскесі берілетін жерде қажетті инфрақұрылым (жол, электр, кәріз және т.б.) жүргізіледі. Бұдан басқа, нысан пайдалануға берілгеннен кейін туристік нысанның құрылысын 10% мөлшерінде субсидиялау көзделген (Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 31 желтоқсандағы № 415 бұйрығы). Алматы облысы бойынша туризм саласындағы негізгі капиталға инвестициялар көлемі 39,9 млрд. теңге, бұл республика бойынша екінші көрсеткіш болып табылады.
Жүргізілген жұмыстар туралы айтатын болсақ, мыналар ерекшеленеді:
— Биыл алғаш рет «ALMATYREGION.TRAVEL» — мобильді қосымша іске қосылды. Бұл облыстың туристік әлеуеті, табиғи, тарихи, мәдени туризм объектілері туралы қажетті ақпаратты қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ала алатын туристер үшін жасалған қосымша.
— Қызмет көрсетуді жақсарту мақсатында «Көлсай көлдері», «Іле-Алатау» ұлттық парктерінің кіру бекеттері автоматтандырылды, онлайн төлем жүйесі іске қосылды. Туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған 10-нан астам бейнебақылау камерасы орнатылды.
— Облыс аумағында «Qonaev International balloon fest» халықаралық шарлар фестивалі, «Oceanman», «Tengri ultra», Ұлы дала марафоны, Іле-Балқаш регатасы өткізілді.
— «Мото-парад», Джиперс-Шалкоде, «Shamal» және т. б. сияқты бірқатар іс-шараларды өткізуге көмек көрсетілді.
— Биыл өңір үшін эко-этно және агро-туризм сияқты туризмнің жаңа түрлері қарқынды дамыды.
— Туристік қызметтердің жаңа бағыттары қалыптасты: Еңбекшіқазақ ауданында, Райымбек және Кеген аудандарында, Баянкөл шатқалында, Тұзкөл көлінде, Қарқаралы жайлауында, Текес сарқырамасында, Хан Тәңірі шыңын ескере отырып, Бестөбе су қоймасында орналасқан жүзімдіктер мен шарап зауыттарына бару, Балқаш көлінде балық аулау, трофейлік аң аулау.
— Бұдан басқа, Ассы, Баянкөл, Шарын, Қара шатқалдарында экологиялық кемпинг және глэмпинг аймақтарын салу, ұлттық құндылықтарымызды дәріптейтін қазақ үйлерінен тұратын этно-ауылдарды ашу бойынша инвестициялық ұсыныстар әзірленуде.
Сонымен қатар, алғаш рет 2024 жылдың 1 тоқсанында Нарынқол ауылында туристер үшін жаңа бағыт ашу жөнінде ҚХР-мен уағдаластыққа қол жеткізілді. ҚР мен ҚХР арасында туризм саласындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Ол өңірлердің туристік саласының әлеуетін дамытуға, туристік бағыттарды арттыруға (жаяу туризм, ат туризмі, тау-шаңғы туризмі және т.б.) бағытталған.
Бұдан басқа, халықаралық деңгейде облыстың туристік әлеуетін ілгерілету бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде, маркетингтік науқан қорытындысы бойынша ақпараттық материалдар «BBC Worldwide» телеарнасында және «TripAdvisor» интернет-ресурсында орналастырылды, сондай-ақ SITF (Seoul International Travel Fair) 38-ші Халықаралық туристік көрмесінде Алматы облысының стенді «Жаңашылдық және шығармашылық көзқарас үшін» номинациясына және Алматы облысының Саты ауылы «Үздік туристік ауыл 2023 ЮНВТО» марапатына ие болды!
Алматы облысының туризм басқармасы жұмысының нәтижелерін қорытындылай келе, өңірдің инфрақұрылымын, сондай-ақ барлық сүйікті демалыс орындарының туристік әлеуетін дамытуда елеулі ілгерілеуді байқауға болады.
Осылайша, Алматы облысындағы демалыс – бұл жарқын эмоцияларға, ұмытылмас сәттерге және демалыстың жаңа қырларын ашуға мүмкіндік беретін қызықты шытырман оқиға. Сіздерді Алматы облысының сұлулығы күтеді!