Ұлытауда «Қазақмыс» машинисі шахтада мерт болды
![](https://kznews.kz/wp-content/uploads/2023/12/full_169848283069a6ea159905d78dd8a5645ff23cc885_webp-905x613.webp)
Ұлытауда «Қазақмыс» машинисі шахтада қаза тапты. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
26 желтоқсанда Ұлытау облысында орналасқан «Жыланды» кенішінде жазатайым оқиға орын алды.
Сағат 18:30-да «Восточная Сары-Оба» шахтасының учаскелерінің бірінде өздігінен жүретін жерасты машинаның жылжуы кезінде 31 жастағы машиниске абайсызда соққы жасаған. Ер адам мерт болды.
«Арнайы комиссия жазатайым оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтайды», – деп мәлімдеді компания.