«Отбасымызды асырауға бір тілім нан таба алмай отырмыз»

0

Кабулда бір топ әйел көшеге шықты. Жоқшылық өткен жұрт қорқуды да қойған, деп хабарлайды kznews.kz сайты 24.kz арнасына сілтеме жасап.

Олар «Талибан» (Талибан ұйымына Қазақстанда тыйым салынған) билігінен жұмыс істеуге кедергі жасамауды талап етті.

Ереуілші әйелдер «Тамақ, жұмыс, бостандық» және «Ауғанстанды опаттан құтқарыңдар» деген ұран көтеріп шыққан.

Белсенділердің айтуынша, мемлекеттік қызметте істеп келген әйелдер қазір үйде отыр. Сондай-ақ елдің көп бөлігінде қыздардың мектепке баруына тыйым бар.

Ашынған әйелдер «Жағдай бұлай бола берсе, бәріміз аштан қатамыз» дейді.

«Отбасымызды асырауға бір тілім нан таба алмай отырмыз. Күнделікті қажетті ұн мен сұйық май сатып алуға көк тиынымыз жоқ. Үкіметтен еш қайран жоқ. Жағдайымыз өте қиын», — деді ереуілші Маржан Ахмади.