«Сүйінші сұрайтын әкем жоқ»: Танымал актер Азамат Сатыбалды жан сырын ақтарды

0

Отандық танымал актер Азамат Сатыбалды Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолынан ерекше марапат алды. Өнер иесіне «Құрмет» ордені табысталды, деп хабарлайды kznews.kz сайты nur.kz порталына сілтеме жасап.

Азамат Сатыбалды қуанышымен өзінің инстаграм парақшасында бөліскен. Ол еңбегі еленіп, мемлекет басшысынан үлкен марапат алса да, бір нәрсеге көңілі толмайтынын айтты.

Өнер иесі бұл жетістігімен әкесімен бөлісе алмайтынына күйінді. Әртіс желіде жазба жариялап, өз өкінішін жеткізді.

«Қуаныш пен бірге көңіл босау бар. Шалбар алсам да алғаш әкем бағасын беріп құттықтаушы еді. Алланың қалауымен «Құрмет» орденін алдым. Қуанып тұрмын, бірақ көңілде босау бар. Себебі ағайыннан сүйінші сұрайтын әкем жоқ қасымда. Бір кем дүние. Өмір ғой.

Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жарлығымен «Құрмет» орденімен марапатталдым. Азын-аулақ еңбегімді елеп, ескеріп жатқан патшамызға рахмет.

Өнер менің өмірім, сол үшін өнерге қызмет жасаудан шаршатпасын жаратқан. Тілекші болып жатқан жандарға алғысым шексіз. Рахметтен басқа айтарым жоқ. Ең бастысы еліміз аман, жеріміз тыныш болғай», — деді ол желідегі жазбасында.