Отандық дәрігер: Коронавирус жұқтырған науқас 2-3 айдан соң қайта ауыруы мүмкін

0

Астана медициналық университетінің доценті, Нұр-Сұлтан қалалық модульдік жұқпалы аурулар орталығы бас дәрігерінің орынбасары міндетін атқарушы Зәуреш Смағұлова COVID-19 жұқтырған адамдар екі-үш айдан кейін қайта ауыруы мүмкін екенін айтты.

Зәуреш Смағұлова Түркістан басылымына берген сұқбатында коронавируспен ауыр­ған адамда иммунитет тұрақты бол­май­тынын атап өтті.

Ал жеңіл түрде өткен аурудан кейін де кей­бір науқастарда антиденелер мүлдем түзілмейтінін айтады.

«Мысалы, басқа инфекциялар ке­зінде 5-7 күннен бастап антиденелердің түзілуі басталады және екінші аптаның соңына дейін антиденелердің саны белгілі бір деңгейге дейін жетеді. Ал коронавирус ке­зінде антиденелердің түзілу мерзімі ұзағырақ болады және науқастардың көбінде үшінші аптадан кейін ғана түзілу басталады.

Аурудан соң бізді қорғайтын антиденелер саны аздау және деңгейі жоғары болмауы мүмкін. Ал ең маңыздысы – антиденелердің ұзақ сақталмауы. Шетелдік ғылыми зерт­теулер нәтижесі иммунитет 2-3 ай аралы­ғына дейін ғана болады деп көрсетіп отыр. Яғни, коронавирус жұқтырған науқас 2-3 айдан соң қайтадан ауыруы мүмкін», – дейді маман.

Зәуреш Смағұлова дерттен тезірек құтылудың жолдарын да тоқталды.

«Біріншіден вирустың жаппай таралуы­на жол бермеу керек. Бәріміз вирустың қа­лай жұғатынын, жұқпаның жұқтырушы көзі кім екенін білеміз. Ауру жұқтырған адам­ды дереу оқшаулау арқылы оның бе­рілу механизмі мен таралу жолдарын үзе­міз. Ауа тамшылары арқылы жұғатын вирустан бетперде кию арқылы санитарлық ги­гиена сақтаймыз.

Ал тұрмыстық контакт арқылы бері­ле­тін жолын қолды жуу, бетті ұстамау арқылы тоқтатамыз. Эпидемиологиялық тұрғыдан тек осылай жеңе аламыз. Ал карантин жағдайын енгізу өте орынды болды және мұн­дай шараның нәтижесі өте жоғары болады.

Сонымен қатар халықаралық тасымал жолдарын да әзірше шектей тұрған жөн, өйт­кені басқа елдерден вирустың жаңа штам­мы келуі мүмкін. Осыған да жол бер­месек, өте жақсы болар еді», – деді ол.

Айта кетейік, соңғы деректер бойынша елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 96 922-ге жетті.

Өткен тәулікте тағы 30 адам коронавирустан 18 адам коронавирус белгісі бар пневмониядан көз жұмған.

 

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз