Отағасы блогер әйелін жартылай жалаңаш киімі үшін 14 жерінен атып өлтірді

0

Танымал блогер Элиан Феррейра Сиолинді өз күйеуі TikTok желісіне салған видеосы үшін өлтіріп тастады.

БАҚ мәліметінше, кісі өлімі 24 қаңтар күні отбасылық барбекю кезінде болған. 35 жастағы әйелдің күйеуі желідегі видеоға бола шу шығарған.

Ұрыс кезінде ол тапаншаға жармасып, кемінде 14 рет атқан. Артынша өзіне қол салды.

Ерлі-зайыптының денесі үйдің артынан табылды. Әйелдің денесіне оқ тиіп қана қоймай, иығы сынып кетті. Кей мәлімет бойынша, оқиғаны 6 жасар қыздары өз көзімен көрген.

Ерлі-зайыптының жақындарының айтуынша, олар өте жиі ұрысатын болған. Тіпті, қоғамдық орындарда да жанжалдасатын болған.

Марқұм әйел TikTok аккаунтына ашық-шашық киімдермен видео жүктеп отыратын болған. Оған шамамен 60 мың адам жазылған.