Қуат Хамитов: «Мемлекет халықпен санаспайды, мен өз партиямды құрамын!»

0

Қазақстандық аралас жекпе-жек спортшысы Қуат Хамитов ресми түрде партия құратынын жариялады.

«Мен партия ашатынымды ресми түрде жариялаймын!

Мұны дәл қазір істегім келмеген, бірақ мемлекетім мені тез әрекет етуіме итермеледі. Бұл партия бәріне кім кінәлі және біреу бірдеңе істеп жатыр деп айту үшін құрылмайды, партия халықтың дауысын есту үшін құрылады. Мемлекетіміздің басты мәселесі — халықтың пікірімен санаспайды және халықты естімейді. Партияның ашылуына ешқандай кедергі болмайды деп үміттенемін, өйткені бізде еркіндік бар ғой.

Менің есігім бәріне ашық! Менің партиямға кез-келген адам қосыла алады», — деп жазды спортшы Instagram желісіндегі парақшасына.

 

View this post on Instagram

 

A post shared by ★★★★★★ (@kuat__khamitov)

Еске салайық, кеше ғана Алматыда спортшыға қатысты сот үкімі шыққан болатын.

«Биліктің заңды талаптарына белсенді түрде бағынбауға және жаппай тәртіпсіздікке шақыруға, сондай-ақ азаматтарға зорлық-зомбылық көрсетуге шақыру» бабы бойынша сотталған Қуат Хамитов кінәлі деп танылып, алты айға бас бостандығы шектелді.