Өскемендік келіншек жұмбақ жағдайда жоғалып кетті — Қазақстан жаңалықтары

0

[ad_1]

Өскеменде бірнеше күн бұрын Юлия Мурзаева есімді келіншек жұмбақ жағдайда жоғалып кетті. Ол жұмысынан шыққаннан кейін хабарсыз кеткен.

Өскемендік келіншек жұмбақ жағдайда жоғалып кетті

Бұл туралы YK-news.kz порталына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Volontery_uka_LIDER.KZ тобындағылар 1989 жылғы Юлия Мурзаеваның іздестіріліп жатқанын айтты. Ол бірінші наурызда сағат 14:00 шамасында Орталық базардың аумағындағы жұмысынан шығып, сол күйі хабар-ошарсыз кеткен.

Юлияның бойы 165 сантиметр, көзі қоңыр, шашы ұзын әрі қоңыр түсті. Ол жоғалып кеткен күні қара күрте киген, көгілдір түсті мойынорағыш таққан және аяғында резеңке етік болыпты.

Юлия Мурзаева туралы қандай да бір мәлемтке ие адамдардан 8-771-466-54-38 немесе 102 нөмірлеріне хабарласу сұралады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

stan.kz