Өскеменде жеңіл атлетикалық кешен салынады

0
22 Желтоқсан 2018, 11:26 343 0

Фото: altaynews.kz

Астана, BAQ.KZ. Өскеменде халықаралық стандарттарға сай жеңіл атлетикалық кешен пайда болады. Бұл туралы altaynews.kz сайты хабарлайды.

Облыстық әкімдікте өткен ел жеңіл атлетика федерациясының 2018 жылғы қорытынды конференциясында федерация президенті Даниал Ахметов осы туралы айтты.

«Елімізде жоқ спорттық нысанды, бұйырса келер жылдың қазан айына дейін салып бітеміз. Қазір тиісті құжаттар әзірленуде. Аталмыш нысанда жыл он екі ай оқу-жаттығу жиындары мен үлкен жарыстар өткізуге барлық жағдай жасалмақ. Кешен ішінде асты «Регупол» жабындысы төселген сегіз жүгіру жолағы болады. Ең бастысы, онда білікті бапкерлер қызмет етпек. Негізі, бастапқыда аталмыш кешенді Семей қаласында салмақ болғанбыз. Алайда, ойлана келе, нысанның Өскеменде орналасқаны дұрыс болар деген шешімге келдік», — деді Даниал Ахметов.

Федерация президенті, сонымен қатар алдағы уақытта еліміздің Астана, Атырау, Павлодар, Талдықорған сияқты бірқатар қаласында жеңіл атлетика орталықтары салынатынын хабарлады.

Сондай-ақ, жиында жаңа жылдан бастап елімізде талантты жастарды анықтау мақсатында жеңіл атлетика спортымен шұғылданып жүрген ұл-қыздарды арнайы тестілеуден өткізу жұмыстары қолға алынатыны да белгілі болды. Бұл сыннан сүрінбей өткен жас спортшылар өскемендік «Altay Athletics» кәсіби жеңіл атлетика клубының құрамына қабылданып, халықаралық додаларға қатысу мүмкіндігіне ие болмақ.


















Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:

Дереккөз: BAQ.KZ