Өскеменде шұғыл қонуға мәжбүр болған ұшақ отқа оранды – видео

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Әлеуметтік желілерде санитарлық авиация ұшағының отқа оранған сәті түсірілген видео тарай бастады

НҰР-СҰЛТАН, 26 ақпан – Sputnik. «Орлан 2000» әуе компаниясының «АН-2» ұшағы Өскемен әуежайынан 1,5 шақырым жерде шұғыл қонды. Ұшақ бортында 5 адам болған, ешкім зардап шеккен жоқ, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, әуе кемесі Өскемен – Ақсуат бағыты бойынша санитарлық тапсырманы орындау үшін көкке көтерілген.

Жергілікті уақытпен сағат 12:50-де экипаж мүшелері қозғалтқыштағы төтенше жағдай туралы хабарлайды.

«Әуе кемесінің командирі Өскемен әуежайынан 1,5 шақырым қашықтықта ұшақты қондыру жөнінде шешім қабылдады. Бортта 5 адам болды — 3 экипаж мүшесі мен 2 жолаушы. Зардап шеккендер жоқ», — делінген ведомствоның баспасөз мәлімдемесінде.

Ал төтенше жағдайлар комитеті таратқан мәліметке сүйенсек, оқиға Прапорщиково ауылынан 10 шақырым жерде болған. Әуежайдан тыс жерге мәжбүрлі қону салдарынан АН-2 ұшағының қозғалтқышынан өрт шыққан. Бір ұшқышқа медициналық көмек көрсетілді. Оқиғаның жай-жапсары тексеріліп жатыр.


©
Photo : КЧС МВД Казахстана

«АН-2» ұшағы Өскемен маңында шұғыл қонды

Қазіргі кезде индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің авиациялық оқиғаларды тексеру басқармасы тергеу жұмыстарын бастады.



sputniknews.kz