Өскеменде Ан-2 ұшағы апатқа ұшырады — Қазақстан жаңалықтары

0

Өскеменде санитарлы ұшағы Ан-2 ұшағы апатқа ұшырады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

ан 2

Бұл туралы азаматтық авиация комитеті мәлімдеді. Ұшақ бортында бес адам отырған.

«Орлан 2000» әуе компаниясының Ан-2 әуе кемесі санитарлық тапсырма бойынша Өскемен – Ақсуат бағыты бойынша сапарды орындаған. Сағат 12.50 кезінде экипаж қозғалтқыштың штаттан тыс жағдай туралы баян етті. Әуе кемесінің командирі Өскемен әуежайынан бір жарым шақырымда орналасқан ауданға мәжбүрлі түрде қону туралы шешім қабылдады. Бортта 5 адам – 3 экипаж мүшесі мен 2 қызметтік жолаушы болған. Бәрі аман», — делінген ресми хабарламада.

Қазіргі таңда аталған оқиғаға байланысты тергеу жүргізіліп жатыр екен. Тексеріс шараларын ҚР индустрия және инфрақұрылымдың даму министрлігінің авиациялық оқиғаларды тергеу жөніндегі басқармасы өз бақылауына алған. 

 

stan.kz