Өскеменде мұз айдындары ашылатын күн белгілі болды




Фото: altaynews.kz
Астана, BAQ.KZ. Өскемендегі Комсомол мұз айдыны Президент күні қарсаңында ашылатын болды. Бұл туралы altaynews.kz сайты хабарлайды.
Қалалық ТҮКШ бөлімі мен жергілікті өзін-өзі басқару комитеті дәл қазіргі сәтте мұз айдынды даярлап жатыр.
«Спорттық құрал-жабдықтарды жалға беретін дүңгіршектерді жаңартудамыз. Жоспар бойынша, мұз айдын Президент күні қарсаңында, яғни 1 желтоқсанда ашылады. Десе де, бұл ауа райына да байланысты болмақ», — деді қалалық әкімдіктің баспасөз хатшысы.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!
Ұқсас сілтемелер:
Дереккөз: BAQ.KZ