Шағын жинақты мектептің біріктірілген сыныптарында қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі

0

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Шағын жинақты мектептің біріктірілген сыныптарында қазақ әдебиетін оқыту
әдістемесі

Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты

Қазақ және орыс филологиясы факультеті

Мамандығы 5В011700 — Қазақ тілі мен әдебиеті

Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы

Бекітемін:

Кафедра меңгерушісінің м.а.

___________ Қанапина С.Ғ.

2015ж.

Диплом жұмысын орындауға берілетін тапсырма

Студент: Өтеген Динара
Жұмыс тақырыбы: Шағын жинақты мектептің біріктірілген сыныптарында қазақ
әдебиетін оқыту әдістемесі

Жоғары оқу орнының бұйрығы бойынша бекітілді

№_______________2015 жыл.
Аяқталған жұмысты өткізу мерзімі _____________2016 жыл.

Талдауға жататын мәселелер мен жұмыстың қысқаша мазмұны

а) Кіріспе

ә) 1. Шағын жинақты мектептің біріктірілген сыныптарында кіріктіре оқытудың
ғылыми-әдістемелік негізі

б) 2. Шағын жинақты мектептің біріктірілген сыныптарында қазақ әдебиетін
оқыту әдістемесі

в) Қорытынды

Ұсынылатын негізгі әдебиеттер:
1. Ж.Қ.Астамбаева, Г.И.Уәйісова, Шағын жинақты бастауыш мектептегі
педагогикалық үдеріс теориясы мен технологиясы: Алматы, 2010.

2. Баймолдаев Т.М. және т.б. Шағын жинақталған мектептерде пәндерді оқытуда
жаңа педагогикалық әдістерді пайдалану жолдары. (Әдістемелік нұсқау). –
Алматы, 2002.

3. Базарбаева Н.Ә. Шағын комплектілі мектептердегі оқу-тәрбие үрдісіндегі
ерекшеліктер: — Алматы, 2002.

4. Қазақстан Республикасында Шағын жинақты мектептерді дамытудың 2010-2020
жылдарға арналған Тұжырымдамасы (жобасы)

Дипломдық жұмыстың орындалу кестесі

№ Тараулардың тақырыбы, қаралатын Ғылыми жетекшіге
мәселелер ұсыну мерзімі Ескерту
1 Тақырыпқа қатысты әдебиеттермен,қыркүйек Жаңа, тың көзқарастағы
мақалалармен танысу, материал соңғы жылдары жарық
жинақтау көрген зерттеулерді
пайдалану.Әдебиеттер
тізімін жасау
2 Дипломдық жұмыстың жоспарын қазан, қараша Ауқымды, өзекті
құру мәселелерге көңіл бөлу
3 Жинақталған деректер бойынша желтоқсан Жинақталған
материалды жүйеге келтіру материалдарды жүйелеп,
ретке келтіру
4 Бірінші тараудың дайындығы қаңтар Өзіңдік көзқарасыңды,
пікіріңді келтіру,
сілтемені дұрыс көрсету
5 Екінші тараудың дайындығы наурыз Материалды реттеп,
хронологиялық жағынан
жүйелеу, көрнекіліктер,
таблицалар жасау.
6 Жұмыстың толық нұсқасын мамыр Жұмыс
дайындау, алдын ала қорғаудан тақырыбының ашылуына
өту баса көңіл бөлу, жұмысты
қорытындылау
7 Қорғауға дайындық, мамыр Талапқа сай жұмысты
пікір жазушылардың ұсыныстарын бастыру, сын-пікірлер
дайындау жаздырту, қатемен жұмыс
жасау

Жұмыс бойынша әр тарауға қатысты кеңес беру

№ Тараулар Кеңес беруші Мерзімі Қолы
11 Шағын жинақты мектептің Абдрашева А.Қ қыркүйек,
біріктірілген желтоқсан
сыныптарында кіріктіре
оқытудың
ғылыми-әдістемелік негізі
22 Шағын жинақты мектептің Абдрашева А.Қ қаңтар,
біріктірілген наурыз
сыныптарында қазақ
әдебиетін оқыту
әдістемесі

Тапсырманың бекітілген уақыты _____________

Кафедра меңгерушісі м.а.: _____________ ф.ғ.к., доцент

Қанапина С.Ғ.

Ғылыми жетекшісі: _____________
гуманитарлық

ғылымдардың магистрі,

аға оқытушы

Абдрашева А.Қ.
Тапсырманы орындауға алдым

Студент _____________________ Өтеген
Д.Б.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ … … … … … … … … … … … … … … … … ..6
… … … … … … … … .. … … … …

1 Шағын жинақты мектептің біріктірілген сынытарына кіріктіре оқытудың
ғылыми-әдістемелік 8
негізі … … … … … … … … … … … … … … … … ..
… … … …
1.1 Шағын жинақты мектептердің даму және зерттелу 8
тарихы … … … … …
1.2 Шағын жинақты мектепте оқу үдерісін ұйымдастыру ерекшеліктер … …11
1.3 Бір пәндік сабақтарды өткізуде өзіндік жұмысын ұйымдастырудың
маңызы … … … … … … … … … … … … … … … … ..18
… … … … … … … … .. … … … …

2 Шағын жинақты мектептің біріктірілген 26
сыныптарында … … … … … .. … .
2.1 Біріктірілген сыныптардағы біртақырыптық сабақтардың
ерекшеліктері … … … … … . … … … … … … … … … ..26
… … … … … … … … .. … … …
2.2 Біріктірілген сыныптардағы біртақырыптық сабақтардың құрылымы … 30
2.3 Біріктірілген сыныптарда біртақырыптық сабақтарды ұйымдастырудың
әдіс-тәсілдері … … … … … … … … … … … … … … ..36
… … … …
2.4 Біріктірілген сыныптарда пәндерді оқытуда біртақырыптық сабақтарды
ұйымдастыру және өткізу 48
әдістемесі … … … … … … … … … … … .

ҚОРЫТЫНДЫ … … … … … … . … … … … … … … … … ..58
… … … … … … … … .. … ..

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 60
ТІЗІМІ … … … … … … … … … … … … …

Қосымша … … … … … … … … … … … … … … … … ..62
… … … … … … … … .. … …

КІРІСПЕ

Дипломдық жұмыстың өзектілігі: Қазіргі уақытта қоғамда болып
жатқан елеулі өзгерістер білім беру жүйесінен тыс қалмайтыны бәрімізге
белгілі. Білім беру саласындағы басты мақсат – еліміздің әлеуметтік-
экономикалық және саяси өміріне белсене қатысуға дайын, бәсекеге қабілетті
жеке тұлға (интелект) дайындау, олай болса, шағын жинақты мектептердің
ұстанымы да осыған келіп саяды. Бұл мақсатты орындауда шағын жинақты
мектептегі оқыту жүйесін дамыту, соның ішінде оқу-әдістемелік база құру,
оқулықтар, арнайы бағдарламалар, әдістемелік құралдар әзірлеу – күні
бүгінге дейін өзекті мәселелер.
Шағын жинақты мектептердің өзіндік ерекшелігі мұғалім бір мезетте екі,
үш, кейде төрт сыныптың оқушыларымен қатар бірлесіп жұмыс істейді. Бұл
ерекшелік оқу-тәрбие жұмыстарының өзгешелігін айқындап береді.
Бірнеше сыныппен қатар жұмыс жасау оқу-тәрбие жұмысына айтарлықтай
кері әсерін тигізіп, қиындық келтіреді. Шағын жинақты мектептердің әлі
күнге дейін шағын жинақты мектеп ерекшелігін ескере отырып дайындалған
қажетті оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз етілмеуі, мұғалімдердің
барлығы дерлік мұндай мектептерде жұмыс істеуге арнайы дайындығы жоқтығы,
оқу-материалдық базаның әлсіздігі де жағдайды шиілендіре түсуде.
Сонымен қатар оқу бағдарламалары барлық типтегі мектептер оқушыларының
білім, білік, дағдыларына бірдей талап қоятындықтан, шағын жинақты
мектептердің білім сапасына, оқушылардың білім, білік, дағдылары мен
олардың жалпы дамуына өзінің кері әсерін тигізіп отыр. Қолданыстағы
оқулықтар мен дидактикалық материалдар шағын жинақты мектептердің оқу
процесін ұйымдастыру ерекшелігін ескермейді және қажетті білім, білік,
дағдыларын қалыптастыруға көмектесетін оқушылардың өзіндік жұмыстарын
жүргізуге бағытталмайды.
Шағын жинақта мектепте әдебиет пәнін оқытудың теориялық және
практикалық маңызын ашу – ғылыми жұмысымыздың өзектілігін көрсетеді.
Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеттері — Шағын жинақты мектептердің
біріктірілген сыныптарында қазақ әдебиетін оқыту әдістемесін жасау.
— Шағын жинақты мектепте оқу үдерісін ұйымдастырудың ғылыми-әдістемелік
теориясын зерттеу;
— Біріктірілген сыныптардағы біртақырыптық сабақтардың ерекшеліктерін
анықтау:
— Біріктірілген сыныптарда біртақырыптық сабақтарды ұйымдастырудың әдіс-
тәсілдерін қарастыру;
— Біріктірілген сыныптарда қазақ әдебиетін оқытуда біртақырыптық
сабақтардың өткізу әдістемесін жасау.
— Шағын жинақты мектептердің біріктірілген сыныптарындағы қазақ әдебиетінен
біртақырыптық сабақ жоспарларының үлгілерін қарастыру.
— Шағын жинақты мектепте қазақ әдебиетінен біртақырыпты жұмыстардың
түрлері және оны оқытуда пайдалану жолдарын қарастыру;
— Шағын комплектілі мектепте сабақ беретін мұғалімдерінің озат іс-
тәжірибелері мен әдіс-тәсілдерін, олардың түрлерін жинақтап қорыту.
Дипломдық жұмыстың нысаны — Педагогтардың, психологтардың
таным, білім жеке тұлғаның шығармашылық әрекеті туралы еңбектері, инновация
туралы ғылыми еңбектері, Қазақстан Республикасы Конститутциясынан Білім
туралы заңы және Білім берудің мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан
Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы,
озат мұғалімдердің іс-тәжірибелері.
Дипломдық жұмыстың әдіс-тәсілдері: әдеби-теориялық талдау,
сипаттама әдісі, баяндау, салыстырмалы талдау, ғылыми пікірлерді жүйелеу.
Дипломдық жұмыстың ғылымилығы: Шағын жинақты мектептің өзіндік
ерекшелігі мен біртақырыпты сабақты өткізу әдістемесі қарастырылды. Шағын
жинақты мектептің өзіндік ерекшеліктері тұңғыш рет сараланып нәтижелі
жинақталуына қол жеткізілді.
Дипломдық жұмыстың практикалық мәні – Зерттеу жұмысын орта
мектептерде, жоғары оқу орындарына арналған оқулықтар жазуда, жоғары оқу
орындарында қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі саласынан дәріс оқуда,
семинар, прақтикалық сабақтар жүргізуде пайдалануға болатындығымен
негіздеуге болады.
Диплом жұмысының құрылымы — Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан,
қорытынды бөлімнен және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 Шағын жинақты мектептің біріктірілген сыныптарында кіріктіре оқыту
сабақтарының ғылыми-әдістемелік негіздемесі

1.1 Шағын жинақты мектептердің даму және зерттелу тарихы

Шағын жинақты мектептің тарихы ерте кезден бастау алады дедік.
Ы.Алтынсариннің басшылығымен ұлттық мектептердің қазақстандық үлгі жүйесі
пайда болды. Ол басшыларға жазған баяндама хаттарында қазақтардың тұрмыс-
тіршілігіне ыңғайлы, мектептің көшпелі болуы қажет, жазда ауылдармен бірге
жайлауда, ал қыста қыстауда болғаны жөн − деп жазған. ХХ ғасырдың басында
ауылдық жерлерде білім алудың жинақталған мектептер жүйесінің негізі
қаланды. Сол кезде ауылдағы алғашқы қазақ мектептерінің көбі шағын жинақты
бастауыш мектептер болғаны байқалады. 1916 жылы олардың саны – 727, ондағы
оқушы саны –22414 болды. 1920-1921 жылдары шағын жинақты мектептердің саны
екі есе өсті.
Қазақстанда әр түрлі типтегі орыс-қазақ мектептері ХІХ ғасырдың ІІ-
жартысында көптеп ашыла бастады (басым көпшілігі — шағын комплектілі
мектептер). Торғай мен Оралда – ауылдық, облыстық орыс-қазақ училищелері,
Ақмола мен Семей облыстарында — мектеп-интернаттар мен ауыл шаруашылық
бастауыш училищелері, Ішкі Ордада – старшындық және бөлімшелік училищелер,
Жетісу мен Сырдарияда – орыс-түземдік училищелер, ашылды.
Сонымен бірге, бірдей оқулық та болған жоқ. Орыс, орыс-татар,
кейінірек башқұрт, өзбек, татар, латыш, украин, чуваш халықтарына арналған
кітаптарды қолданылды.
Жалпы осы уақытқа дейін шағын жинақты мектептерде оқу-тәрбие жұмысының
мамзмұнын жақсарту, оқушылардың білім деңгейін мемлекеттік стандарт
дәрежесіне көтеру сияқты мәселелері бірқатар ғалымдарымыз бен
әдіскерлеріміздің назарын аударған болатын. Олардың еңбектерінде бірнеше
сыныпты бір мезгілде қатар оқытудың тиімді жолдарын іздестіру (Ж.Аймауытов,
Ғ.Бегалиев, Ғ.Сүлейменов, Ж.Қаржасбаев, М.Бүрлібаев, А.Асқарбаева); сабақты
ұйымдастырудың өзіндік ерекшеліктері мен әдіс-тәсілдерін анықтау
(Б.Құлмағамбетова, Қ.Аймағамбетова, А.Асқарбаева, Г.М.Храпченков,); Қазақ
тілі, Ана тілі, Математика, Айналамен таныстыру пәндерін оқытудың
мазмұны мен практикалық бағытын белгілеу (Ш.Әуелбаев, А.Асқарбаева,
Б.Құлмағамбетова); бір пәндік, бір тақырыптық сабақтардың тиімділігін
дәлелдеу (М.Сайпин, З.Бейсенбаева, Е.Шапаева, О.Сатқанов, Б.Катембаева);
осы үлгідегі мектептер үшін болашақ мұғалімдерді дайындау мәселелері
(З.Әділғазинов) зерттеліп, қарастырылады [1,10].
Сонымен қатар Б.Қ. Қапасова. Шағын жинақты мектептегі әдебиетті оқыту
ерекшеліктері, Л.В. Руколеева Как подготовить учителя к работе в
малокомплектной школе?, Е.А. Шнайдер, Д.Ж. Сакенов, Д.Ж. Абдулхамидова
Шағын комплектілі мектептегі оқу-тәрбие процесінің спецификасы А.А.
Ибраева, А.Н.Қайыргелдинова, А.Ш. Тілеулесова Кіші мектеп жасындағы
оқушылардың белсенділік қабілеттерін дамыту жолдары, З.С. Алибаева. Шағын
комплектілі мектептегі білім берудің басты бағыттары мен проблемалары және
оны шешу жолдары, А.С. Баймикенова Шағын жинақты мектептердегі
проблемалар және оны шешу жолдары, М.А. Байтанаева, И.Ш. Бектұрғанова
Шағын жинақты мектептерде технологияны оқытудың қазіргі жайы мен
мәселелері атты жазылған еңбектер де бар.
Еліміздің тәуелсіздік жолындағы күресі мен оған ие болуы ұрпақ
тәрбиесі мәселесін жаңа құндылықтар негізінде ешкімге жалтақтамай, қайта
қарауға мүмкіндік берді.
Білім және ғылым министрлігінің статистикалық есебі бойынша ШЖМ-де
385342 оқушы дәріс алады, ол барлық жалпы білім беру ұйымдарындағы 2491239
оқушының 15,5%-ын құрайды (2012). Мұндай мектептерде 51796 мұғалім қызмет
атқарады [8]. Министрліктің 1997 жылғы ҚР ШЖМ-гі жұмыстарды ұйымдастыру
жөнінде әдістемелік нұсқау хатында ШЖМ-нің негізгі қызметі көрсетілген.
Ол: бастауыш сыныптарда оқушы саны − 40-тан, негізгі мектепте 100-ден, ал
орта мектепте 280-нен аспаса, шағын жинақталған мектеп болып есептеледі.
Ал, ҚР Үкіметінің № 300. 25.02.2000ж қаулысына сәйкес ауылдық жерлердегі
сыныптарда кемінде 5 бала оқыса, бастауыш немесе негізгі ШЖМ, ал кемінде 81
бала оқыса, орта ШЖМ деп аталады.
Тәуелсіздік жылдарында шағын жинақталған мектептер мен толық орта
мектептер саны өзгерді. 1997-2001 жылдары аралығында ШЖМ 3621-4145-ке
жетті, оның 2156-сы (50,9 %) қазақ тіліндегі мектептер. Байқағанымыздай,
шағын жинақты мектептердің саны артты, ал мұндай мектеп жағдайында дәріс
беретін мұғалімдердің саны әлі де аз. Республиканың жоғарғы оқу орындарында
Бастауыш сыныпта оқыту әдістемесі мамандығы оқытылады, ал арнайы шағын
жинақты мектепте оқыту әдістемесі бойынша мамандар дайындалмайды. Білікті
педагог кадрлардың жетіспеушілігінен ШЖМ-дегі білім сапасы сын көтермейді.
Мұндай мектеп жағдайында жұмыс істеу үшін мұғалімнің ШЖМ-дің
ерекшеліктерімен танысуы қажет.
Шағын жинақты мектептерде оқу-тәрбие жұмысының өзіндік ерекшеліктері
де бар. Олар:
• сабақтың ерекшеліктері: бірнеше сыныппен бір уақытта жұмыс істеу
сабақтың құрылысын анықтауды, оқушы мен мұғалімнің іс-әрекетін дұрыс
ұйымдастыруды қажет етеді;
• өздік жұмысты мұғалім әр сынып сайын міндетті түрде ұйымдастырып
отыруы қажет;
• тікелей мұғалімнің басшылығымен атқарылатын жұмыстың оқушының өздік
жұмысымен алмастырыла жүргізілуі: бір сыныптың өздік жұмысына бөлінген
уақыт мұғалімнің басшылығымен жұмыс істеп отырған келесі кейінгі
сыныпқа бөлінген уақытқа тікелей байланысты.
• ШЖМ-тегі оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың ерекшеліктері:
бір сыныппен жұмыс істегенде сабақтың мақсаты, логикалық құрылымы
оқушы мен оқытушыға бірдей, мұғалім бір күнде 8-16 сабаққа, оның әр
бөлігін санағанда, 32-40 сабақшаларға, олардың логикалық байланысы әр
кезеңнің мақсаты мен міндетіне қарай уақытында тиянақты ал бірнеше
сыныппен жұмыс істеуде бір сабақ әрқайсысы бір сабақ ретінде бірнеше
кішкентай сабақтардан тұрады да, дайындалуы қажет.
• бір сабақтың үстінде мұғалім әр түрлі жастағы, ой-өрісі мен білім
дәрежесі әр түрлі оқушылармен жұмыс жүргізеді, сондықтан ол балалардың
психологиясын жақсы білуі тиіс;
• шағын жинақты мектептер орта мектептерден алшақ орналасады, сондықтан
мұғалімнің басқа оқытушылардың сабақтарына қатысып, араласу, тәжірибе
алмасу, үлгі алу мүмкіндіктері аз болады, шыңдалудан гөрі
жауапкершіліктері төмендеп, сабақ тиімділігін төмендету қаупі туады.
• мұғалім сабақ барысында ұйымдастырылатын өздік жұмыстардың мазмұнын,
көлемін, оларды орындау әдіс-тәсілдерін түрлендіріп өзгертіп,
оқушылардың білім деңгейіне, жас ерекшеліктеріне, орындау
жылдамдықтарына қарай ыңғайлап, орындау уақытын белгілеп, оны тиянақты
болмауды ойластырып отыруы қажет. Өз бетімен жұмысты орындау әрбір
оқушыға түсінікті болуы керек және де көрнекі құралдар, карточка,
перфокарта, дидактикалық материалдар саны барлық балаларға жететіндей
болуын қадағалау керек.
Шағын жинақты мектептің жоғарыда аталған ерекшеліктерінің бірі –
сабақтарды кіріктіре оқыту, яғни, басқаша айтқанда — интеграция.
Интеграция – ғылымдардың жақындай отырып байланысуы, ол дифференциация
үрдісімен қатар жүреді. Интеграциялық сабақтың дәстүрлі сабақтан
айырмашылығы – пәнаралық байланыстардың қолданылуы. әлемдік білім
кеңістігімен пәнаралық байланыстан басталған интеграциялық үрдіс
интеграциялануға жол ашады.
Интеграция үдерісі (латынша integratio – қалпына келтіру, біріктіру,)
өзара байланысы мен өзара бірін-бірі толықтыруының негізінде жүйенің
жекеленген бөлімдері мен элементтерін бір бүтінге кіріктіру [2,5].
Интеграция дегеніміз пәндердің өзара байланысын жоғары деңгейде
нақтылы түрде іске асыру болып табылады. Интеграцияны жүзеге асырудың
бірден бір жолы – сабақтарды бір мұғалім арқылы жүргізіп, бірнеше пәндер
бойынша біріккен сабақтар білімінің жинақталуы, яғни әр түрлі пәндерден
алған білімдерін синтездеу болып табылады. Оның жүргізілу әдіс-тәсілі әр
түрлі: семинарлар, конференциялар, саяхаттар, тағы басқалары.
Пәнішілік мазмұны ұқсас тақырыптарды біріктірілген сыныптарда
кіріктіре оқытуды ұйымдастырудың тиімділігі:
• оқушылар әр түрлі сыныпта оқығанымен, олардың назарын бір тақырыптың
мазмұнына аударуға мүмкіндік жасап отырады;
• әртүрлі жастағы оқушылардың мазмұны ұқсас материалды біріге отырып
тиянақты меңгеруі қамтамасыз етіліп отырады;
• жоғары сынып оқушыларының өткен сыныптағы білімдерін жаңғыртуға және
жетілдіруге, ал төменгі сынып оқушыларын осы тақырып төңірегінде оза
оқытуға мүмкіндік туғызып отырады;
• мұғалім бір мезгілде әртүрлі жастағы балалармен бір бағыттағы сабақты
ұйымдастыру арқылы оқушылардың бір-біріне көмектесіп, ұжымдық қарым-
қатынасқа түсуіне жағдай жасайды, әрдайым оларды ынтымақтастыққа,
ұйымшылдыққа баулиды;
• оқушылардың бірін-бірі тексеруі және бағалауы жүзеге асады, үлкен
сынып оқушысы төменгі сыныптың жұмысын тексеріп бағалау арқылы өз
білімінің сапасын анықтай алады;
Осының негізінде бірпәндік, біртақырыптық ұстанымдарға бағытталған
мазмұны ұқсас жақын тақырыптарды біріктіріп оқытудың тиімділігі анықталады.

1.2 Шағын жинақты мектепте оқу үдерісін ұйымдастырудың
ерекшеліктері

Қазіргі таңда республикамыздың түпкір-түпкірінде орналасқан шағын елді-
мекендердегі мектептердің көпшілігі – шағын жинақты мектептер болып
табылады. Тәуелсіздік алған жылдардан кейін мұндай мектептер саны жыл сайын
өсіп келе жатыр. Себебі, оқушы саны ауыл халқының тіршілік қамымен қалаға
қоныс аударуы көбейген сайын, елді-мекендерде тұрғындардың саны азаюымен
кеміп келе жатыр.
Шағын жинақты мектеп дегеніміз – тұрғындардың саны аз аймақтарда жұмыс
істейтіндіктен, оқушыларының саны аз, біріктірілген сыныптардан, толық емес
сыныптардан тұратын, оқу үдерісін жоспарлау мен ұйымдастыруда өзіндік
ерекшеліктері бар жалпы білім беру мекемесі болып табылады.
Шағын жинақты мектептер қызметінің мақсаты, міндеттері мен
принциптері
Мақсаты: әрбір білім алушының өмір бойы табысты әлеуметтенуіне,
кәсіби тұрғыда өзін-өзі тануына, өзін-өзі қалыптастыруына, өзін-өзі
жетілдіруіне ықпал ететін қазіргі заманғы сапалы білім алуы үшін жағдайлар
жасау.
Міндеттері:
— өмірлік маңызды құзыреттілікті қалыптастыру;
— білімнің даралық және жіктелген кең спектрін қамтамасыз ету;
— білім беру процесінің құнды бағдарлығы мен дамушы әлеуетін арттыру;
— педагогикалық процесті жүйелі қызметтік тәсіл, технологияландыру,
-оқытудың қазіргі заманғы нысандары мен әдістерін оңтайлы үйлестіру
негізінде жобалау;
— ішкі және сыртқы ресурстарды пайдалану есебінен ШЖМ-ның ақпараттық білім
беру ортасын ұйымдастыру;
— әлеуметтік әріптестікті іске асыру арқылы білім алушының тұлғасын
қалыптастыру және әлеуметтендіру ортасын жасау.
ШЖМ қызметін ұйымдастыру принциптері:
— әрбір оқушы, оның ішінде ерекше қажеттілікті талап ететін балалар үшін
сапалы білім алуға қол жетімділікті қамтамасыз ететін демократияландыру,
білім беру процесі субъектілерінің ынтымақтастығы;
— білім беру процесі мен социум субъектілерінің өзара белсенді іс-әрекетін
қамтамасыз ететін әлеуметтік әріптестік;
— білім алушының тұлғалық өсуіне қажеттілікті қанағаттандыруға ықпал ететін
білім берудің дамытушылық және шығармашалық сипаты;
— білім берудің жеке-тұлғалық және жалпымәдени аспектілерінің бірлігін
қамтамасыз ететін жан-жақтылық;
— топтық үлгі бойынша білім беру деңгейінің үздіксіздігі мен сабақтастығы;
— білім беру процесінің мазмұны мен технологияларының икемділігі,
вариативтілігі;
— өзгеретін әлеуметтік жағдайларда өзін-өзі жетілдіру қабілетінің дамуын
қамтамасыз ететін бейімделгіштік;
— ШЖМ-дағы әлемдік практиканың қазіргі заманғы педагогикалық жетістіктерін
енгізуге мүмкіндік беретін жаңашылдық.
Нақты айтқанда, 2007 жылғы шілденің 27-сінде (№319-ІІІ ҚРЗ) бекітілген
Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында (24.10. 2011 ж. берілген
өзгерістер мен толықтыруларымен) ШЖМ-ке мынадай анықтама берілген: шағын
жинақты мектеп — білім алушылар контингенті шағын, сынып-жинақтары
біріктірілген және оқу сабақтарын ұйымдастырудың өзіндік нысаны бар жалпы
білім беретін мектеп. Шағын жинақты мектепте мұғалім бір уақытта бірнеше
сыныппен сабақ жүргізеді: екі комплектілі мектепте – екі сынып, ал бір
комплектілі мектепте – үш немесе төрт сынып біріктіріліп, бір сыныпты
құрайды. Сыныптарды комплектіге біріктіру, оның негізінде сабақ кестесін
құру, соған байланысты сабақтың күнтізбелік жоспарын жасау, сабақтың
жоспарын жасау, сабақтың уақытын дұрыс, тиімді пайдалану мәселелері бұндай
мектептердің мәнді белгісі.[2,5]
Қазіргі таңда шағын жинақты мектеп төмендегідей:
➢ біріктірілген сыныптармен;
➢ біріктірілген сыныптармен және толық емес сыныппен жұмыс жасайды.
Мектеп құрылымы бұлай өзгеше аталғанымен, мұндағы білім мен тәрбие
сапасына қойылатын талап — барлық білім беру мекемелеріне қойылатын
талаппен бірдей болып қала береді. Сондықтан да шағын жинақты мектеп
жұмысын ұйымдастыруға ерекше көңіл бөлу қажет.
Шағын жинақты мектептің саны соңғы 15 жылда күрт өсті. Әр 4-нші
мұғалім шағын жинақты мектеп жағдайында жұмыс істейді және әр 6-ншы
қазақстандық оқушы шағын жинақты мектеп жағдайында оқиды[2].
( Қазақстан Республикасында Шағын жинақты мектептерді дамытудың 2010-
2020 жылдарға арналған Тұжырымдамасы.
Шағын жинақты мектептің үш түрі болады, олар:
1) Бастауыш шағын жинақты мектеп;
2) Негізгі шағын жинақты мектеп;
3) Орта шағын жинақты мектеп.
Білім беру мекемесінің бұлай ерекшеленуінің басты критерийі – ондағы
оқушы санының аздығы, ал қалған ерекшеліктер осы критерий негізінде
туындайды. Шағын жинақты мектептің жоғарыда келтірілген түрлерге жіктелуі
нормативтік құжаттарға сай жүзеге асырылады: Тұрғындарының саны аз әрбір
елді мекенде:
1) бастауыш шағын жинақты мектеп – білім алушылардың саны 5-тен 40
адамға дейін;
2) негізгі шағын жинақты мектеп – білім алушылардың саны 41-ден 80
адамға дейін;
3) орта шағын жинақты мектеп – білім алушылардың саны 81-ден 180
адамға дейін болған жағдайда жұмыс істейді[1,91].
Шағын жинақты мектептегі оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері:
➢ оқытушы сабаққа дайындалуда шектен тыс жүктеме орындайды, былай
айтқанда, бір сыныппен жұмыс істегенде сабақтың логикалық құрылымы мен
мақсаты, оқушы мен оқытушыға бірдей, ал бірнеше сыныппен жұмыс істеуде бір
сабақ әрқайсысы бір сабақ ретінде бірнеше кішкентай сабақтардан тұрады да,
мұғалім бір күнде 8-16 сабаққа, оның әр бөлігін санағанда, 32-40
сабақшаларға, олардың логикалық байланысы әр кезеңнің мақсаты мен міндетіне
қарай уақытында тиянақты дайындалуы керек;
➢ мұғалімнің зейіні екі немесе одан да артық сынып оқушыларына бөлініп
отырады, себебі бір сабақтыңүстінде мұғалім әр түрлі жастағы, ой-өрісі
мен білім дәрежесі әр түрлі оқушылармен жұмыс жүргізеді, сондықтан ол
балалардың психологиясын жақсы білуі тиіс;
➢ мұғалімдер ұжымының аздығына қарай, әрбір мұғалімнің шығармашылық
белсенділігінің артуына жол болмайды, яғни, шағын жинақты мектептер
орта мектептерден алшақ орналасады, сондықтан мұғалімнің басқа
оқытушылардың сабақтарына қатысып, араласу, тәжірибе алмасу, үлгі алу
мүмкіндіктері аз болады, шыңдалудан гөрі жауапкершіліктері төмендеп,
сабақ тиімділігін төмендету қаупі туады;
➢ сабақтың белгілі бір бөлігінде ғана мұғалім әрбір сыныппен жұмыс
жасауға мүмкіндігі бар, ал қалған уақытта тек оқушылардың өздік
жұмысын ұйымдастыруға, оны басқаруға ғана жұмсайды, сол үшін мұғалім
сабақ барысында ұйымдастырылатын өздік жұмыстардың мазмұнын, көлемін,
оларды орындау әдіс-тәсілдерін түрлендіріп, оқушылардың білім
деңгейіне, жас ерекшеліктеріне, орындау жылдамдықтарына қарай
лайықтап, орындау уақытын белгілеп, оны тиянақты пайдалануды
ойластыруы қажет. Өз бетімен  жұмысты орындау әрбір оқушыға түсінікті
болуы керек және де көрнекі құралдар, перфокарта, карточка,
дидактикалық материалдардың саны барлық балаларға жететіндей болуын
қадағалау керек;
➢ біріктірілген сыныптарда мұғалім бір сыныпқа сабақтың жарты уақытын
ғана жұмсайтын болғандықтан, көбінесе, қазақәдебиеті пәнінде (6-8 және
7-9 сыныптар) қиынға соғады. Өйткені берілген тақырыптар көлемді,
сондықтан уақыт жетіңкіремейді;
➢ оқушылар мұғалім тарапынан жеткілікті мөлшерде көмек ала алмайды
өзіндік жұмысты орындау барысында;
➢ ұжымдық жұмыс ұйымдастыруға мүмкіндік жоқ, белгілі бір жастағы
балалар болмағандықта,;
➢ шағын жинақты мектепке бір мезгілде бірнеше сынып жұмыс істейтін
арналған оқыту әдістемесінің жасалмаған;
➢ оқушылар, әсіресе, бастауыш сынып оқушылары көпке дейін өз ойын ашық
айтуға, қандай да бір мәселені ауызша талқылауға, өзгенің талдауын,
талқылауын, ойын тыңдаудан кенде, кейін қалып отырады;
➢ шағын жинақты мектепте сабақөздік жұмыс арқылы ұйымдастырылады, ал
өздігінше жұмыс істеу әдісі бүгінгі күнге дейін кеңқолданыс таппаған;
➢ оқушылардыңөздік жұмысы басқа сынып оқушыларының шуылы, кедергі
жасауы барысында жүргізіледі, мұның өзі оқушының тапсырманы түсіне
отырып орындауына кері әсерін тигізеді;
➢ шағын жинақты мектеп мұғаліміне арнап жазылып, баспадан шыққан
әдістемелік және көрнекілік құралдары өте аз, сонымен бірге шағын
жинақты мектептердің кітапханалық қоры нашар-төмен.
Шағын жинақты мектептің бірнеше өзіне тән тиімді тұстары:
➢ дәптер тексеруге, жеке-дара өздік жұмысқа арналған жаттығулар іріктеуге
аз уақыт жұмсалады;
➢ балалардың саны аз, сондықтан мұғалім әрбір оқушыны, оныңқызығушылығын
арттыруына, отбасын тез, жақсы тануына көп мүмкіндік бар;
➢ оқушылар бірінші сыныптан бастап, өз бетімен жұмысқа бейімделе бастайды;
➢ оқушылардың тәртіп бұзушылығы да аз болады;
➢ бір оқу бөлмесіндекүнделікті бірге болғандықтан, жоғары сынып (3-4)
оқушылары төмен кіші сынып оқушыларына көмек береді;
➢ әрбір баланың білім деңгейлерін анықтап, олардың білім, білік,
дағдыларының деңгейлерін көтеруге мүмкіндіктері мол;
➢ аталмыш мектеп мұғалімі пәнаралық байланысты жүзеге асыруға, кеңінен
қолдануға тырысады;
➢ оқушылар әртүрлі сыныпта оқығанымен, олардың назарын бір пәннің
мазмұнындағы ұқсас тақырыптарға аударуға жағдай жасалады;
➢ үлкен сынып оқушысы төменгі сыныптың жұмысын тексеріп бағалау арқылы өз
білімін іс жүзінде қолдануына мүмкіндік туады;
➢ оқушылардың бірін-бірі тексерулері мен өзін-өзі тексерулері
және бағалаулары жүзеге асырылады.
➢ Екі немесе үш сыныпты бiрiктiру қажет болған жағдайда, сабақтың
белгiлi бiр бөлiгiн әрбiр сыныппен жеке өткiзу үшiн жағдай жасау
мақсатында сабақтың жылжымалы кестесiн қолданған орынды.
➢ Біріктірілген сыныптағы сабақ – оқу-тәрбие үдерісінің негізгі нысаны
болып келеді. Ол сабаққа қойылатын жалпы тақырыпқа бағынады,
бірақөзгешеліктері де жоқ емес, бар.
➢ Сабаққұрылымы:
➢ мұғалім басшылығымен жұмыс;
➢ өздік жұмыс.
Сөздік және көрнекілік әдістерді ұштастырып байланыстыру уақытты
тиімді пайдалануға және оқыту мен тәрбиелеуге көмектеседі.
Тақырыпты түсіндіргеннен кейін мұғалім өздік жұмысты қалай орындау
керектігі туралы қысқаша нұсқау беріп, оқушылардың жұмысқа әзірлігін
тексеріп, келесі сыныппен жұмыс істеуге көшеді, жаңа тақырыпты түсіндіріп
болған соң сыныпқа өздік жұмысқа тапсырма береді.
Оқу жұмысының түрлерін ауыстырып отырып, өздік жұмысты орындалу
процесін бақылайды, осылай мұғалім сабақты жүргізіп отырады.
Шағын жинақты мектептердің басты мәселелерін төмендегідей көрсетуге
болады:
— қосалқы сыныптарда оқу өткізудің ыңғайсыздығы;
— толтырылған сыныптарда оқытудың дәстүрлі әдістемелерінің
мөлшерінің артық болуы;
— қосымша білім беру ұйымдарының және мәдени орталықтардың
жоқтығы;
— кәсіптік білім беруді ұйымдастыруға мүмкіндіктің болмауы;
— арнайы ғылыми-әдістемелік кешендердің жоқтығы;
— мұғалімдердің, сондай-ақ, тәжірибесіз жас мамандардың шағын
жинақты мектеп ерекшелігіне мен оқыту үдерісіне дайын болмауы;
— мұғалімдердің біріктірілген сыныптардағы сабаққа дайындалу,
өткізу барысында шамадан тыс жүктеме орындағанына қарамастан,
еңбекақыларына үстемеақы қосылмауынан, ынталарының төмендеуі;
— әмбебап кәсіби-шеберлігі мол педогогикалық мамандардың
жетіспеушілігі;
— мұғалімдер ұжымының орташа жас көрсеткішінің жоғарылығы;
— оқу үдерісінің интерактивті-мультимедиялық құралдармен,
зертханалар мен компьютерлік сыныптармен жасақталмауы,
жасақталған күнде де мұғалімдердің барлығының бірдей ондай
заманауи құрылғылармен жұмыс істеуге дайын болмауы;материалдық-
техникалық базаның нашарлығы;
— жыл санап ҰБТ көрсеткішінің төмендігі сыныптағы оқушы санының
аздығы.
Республика бойынша шағын жинақты мектептердің жұмысын
ұйымдастыруға кедергі болатын мәселелер ортақ, осыған орай оларды шешуде де
барлық осындай деңгейдегі мектеп ұжымы ортақтасып еңбек еткені абзал.
Жыл өткен сайын Шағын жинақты мектеп саны көбеймесе, азаймай
отырғаны белгілі. Олай болса, бұндай мектептегі оқу сапасы барлық ел
азаматтарының білім көрсеткішіне әсер етпей қоймайды. Ал оқу сапасы оқу
үдерісінің дұрыс ұйымдастырылуына әбден байланысты. Сондықтан да ғылыми
дипломдық жұмыстың тақырыбы бүгінгі таңда өзекті болып саналады.
Шағын жинақты мектептің тарихына тоқталсақ, сонау ерте кезден,
Л.Толстой, К.Д.Ушинский өмір сүрген кезеңнен бастау алады. Қазақстан
топырағында ондай мектептің пайда болуы Ы.Алтынсариннің ағартушылық
қызметімен тікелей байланысты. Ол XVIII ғасырдың 60 жылдарында дүниеге
келді. Содан бері мұндай үлгідегі мектептің өзекті мәселесі күн тәртібінен
түспей келеді.
Елімізде шағын жинақты мектептерді оңтайландыру мәселесі соңғы
кезде көп айтылып жүр. Басты себеп – шағын жинақты мектепте білім беру
үрдісін ұйымдастырудың әдіснамалық, мазмұндық, әдістемелік, технологиялық
компонентерінің нашар әзірленуі. Аталмыш мәселенің шешімі ретінде 2010-2020
жылдарға арналған Қазақстан Республикасында шағын жинақты мектептерді
дамытудың тұжырымдамасы бекітілді. Бұл құжат шағын жинақты мектептерді
дамыту саласындағы мемлекеттік саясаттың жалпы стратегиясын, мақсаты мен
міндеттерін, білім беру процесінің мазмұны мен технологияларын, оларды іске
асыруды дамыту мен шарттарының негізгі бағыттарын айқындайтын құжат болып
есептеледі[4,154].
Статистикалық деректер бойынша, жалпы республика бойынша
біріктірілген 1-4 сыныптар — 5743, 5-9 сыныптар — 3035, 10-11 сыныптар –
54. Қазақстанның 7398 жалпы білім беретін ұйымының 4145-і –шағын жинақты
мектеп. Бұл жалпы санның 56 %-ын құрап отыр. Бұлар оқушы санының аздығымен,
сыныптарды біріктірумен, мұғалімдердің көп пәннен сабақ беруімен көрініс
табады.
Елдегі халық тығыздығының әркелкілігі аталған проблеманың
өңірлік аспектісіне негізделген: Шағын жинақты мектептің басым көпшілігі
Солтүстік Қазақстан (облыстағы барлық мектеп санының 88,1 %-ын құрайды),
Ақмола (81 %), Қостанай (77,5 %), Павлодар (76,5 %), Батыс Қазақстан (72,9
%), Ақтөбе (67,5 %), Шығыс Қазақстан (67,9) Қарағанды (58,9 %) облыстарында
[2]. Соңғы 15 жылда Шағын жинақты мектептің саны күрт өсті. Әр төртінші
мұғалім шағын жинақты мектеп жағдайында жұмыс істейді және әр алтыншы
қазақстандық оқушы ШЖМ жағдайында оқиды [4,118].
Жалпы жаңа жүйе бойынша оқыту жұмысын ұйымдастыру шарттары:
• сабақтың оқу бағдарламасына сәйкес жоспарлануы;
• бірнеше сыныптың оқу материалының біртақырыптық жүйеге
ыңғайластырылуы;
• сабақ тақырыбының өзара байланысы;
• пәнаралық байланыстың дұрыс айқындалуы;
• сыныптарды комплектіге дұрыс біріктіру;
• көрнекі дидактикалық құралдардың алдын ала дайындалуы;
• оқушылардың оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз етілуі;
• сабақ кестесін дұрыс құру;
• тиімді оқыту әдістерін таңдау;
• сабақтың мақсатқа сай келетін құрылымын анықтау;
• сабақтың мақсатқа сай келетін құрылымын анықтау;
• оқушылардың өздік жұмыстарын мұғалім басшылығымен істелетін
жұмыстармен ауыстырып отыру;
• мұғалімнің 4-5 рет жұмыс түрін ауыстырып отыру;
• барлық класстарда тәрбие үдерісін жүргізу.
Толық кешенді мектептерге қарағанда шағын жинақты мектептерде оқу
шарттары ерекше. Сондықтан да ондай мектептерде үлкен сабақтың
құрамындағы кіші сабақтарды дұрыс ұйымдастыруды қажет етеді, оқушының
осындай кіші сабақтарында алған білімі, тәрбиесі толық мектептегі
оқушының біліміне сәйкес келуі шартты.
Шағын жинақты мектеп жұмысын қиындататын, оқушылардың білім дәрежесін
төмендететін бірқатар объективтік ерекшеліктер бар:
• сыныптағы оқушылар санының аздығынан мұғалімнің оқытудың түрлі
технологиялары мен әдіс-тәсілдерін (жаппай оқыту, топтық оқыту,
ұжымдық оқыту әдістері) қолдана алмауы;
• шағын жинақты мектепке арналған кіріктірілген пәндерді оқыту
әдістемесінің жасалмауы;
• өздігінше жұмыс істеу әдісінің кең тарамағандығы;
• ағымдық бақылаудың дұрыс ұйымдастырылмауы: мұғалімнің жұмысының
тығыздығынан оқушылар мұғалім тарапынан көмек ала алмайды, яғни
мұғалімнің оқушы білімін тексеруге және қорытындылауға уақыты жоқ;
• шағын жинақты мектеп мұғаліміне арнап жазылып, баспадан шыққан
әдістемелік және көрнекілік құралдарының аздығы;
• шағын жинақты мектептердің кітапханалық қорының нашарлығы;
• шағын жинақты мектептер мен тірек мектептер (ресурстық орталықтар)
жағдайында дайындық пен қайта даярлаудан өткен білікті педагог
кадрлардың жетіспеушілігі;
• шағын жинақты мектептердің коммуникация құралдарымен (компьютер,
интерактивті тақта, аудио-, видеоқұралдар, ғаламтор) толық қамтамасыз
етілмеуі;
• өңірлік орталықтар, шағын жинақты мектептер мен тірек мектептері
(ресурстық орталықтар) басшылары мен мұғалімдеріне арнаулы курстар,
дөңгелек үстелдердің, семинарлар, online-конференциялардың
ұйымдастырылып отырылмауы.
Мұндай мектепте бір мұғалім бір мезгілде екі сыныппен қатар жұмыс
істейді. Сабақтың өзіндік ерекшелігі болып оқу үрдісінің бір мезгілде екі
сыныпта бірдей ұйымдастырылуы жатады. Мұның өзі мұғалімнің әр сыныпқа сабақ
уақытының жартысын ғана жұмсауына мүмкіндік береді. Яғни, мұғалім бір
сыныпқа жаңа материалдарды түсіндіріп жатқан кезде басқа сыныптың оқушылары
өз бетінше жұмыс жүргізеді. Бұл, көбінесе 5-8 және 7-9 сыныптарға қиынға
соғады. Өйткені берілген тақырыптар аумақты, сондықтан уақыт
жетіңкіремейді.
Шағын жинақты мектептерде оқытуды тиімді ұйымдастыруда сабақтың
мынадай түрлері кездеседі: — атап айтсақ, бірпәндік және біртақырыптық
оқытуға негізделген сабақтар. Шағын жинақты мектепте оқу үдерісінің
тиімділігін арттыруда біртақырыптық сабақтар ұйымдастырудың маңызы зор.
Біріктірілген сыныптарда біртақырыптық оқытудың мақсат-міндеттері
төмендегідей:
• бірнеше сыныптағы мазмұны ұқсас тақырыптарды кіріктіру арқылыжүйелі
білім беру;
• сабақты тиімді әдіс-тәсілдер негізінде ұйымдастыру арқылы мұғалім
қызметін оңтайландыру және уақытын үнемдеу;
• әртүрлі жастағы оқушылардың мазмұны ұқсас материалды біріге отырып
меңгеруіне жағдай туғызу.
Ал біртақырыптық сабақтардың тиімділігі мынада:
-оқушылар әртүрлі сыныпта оқығанымен, олардың назарын бір тақырыптың
мазмұнына аударуға мүмкіндік жасалады;
мұғалім бір мезгілде әртүрлі жастағы балалармен бір бағыттағы сабақты
ұйымдастыру арқылы оқушылардың бір-біріне көмектесіп, ұжымдық қарым-
қатынасқа түсуіне жағдай жасайды, оларды ынтымақтастыққа, ұйымшылдыққа
баулиды;
-жоғары сынып оқушыларының өткен сыныптағы білімдерін жаңғыртуға және
жетілдіруге, ал төменгі сынып оқушыларын осы тақырып төңірегінде оза
оқытуға мүмкіндік туады;
-оқушылардың бірін-бірі тексеруі және бағалауы жүзеге асады, үлкен
сынып оқушысы төменгі сыныптың жұмысын тексеріп бағалау арқылы өз білімінің
сапасын анықтай алады.
Осыған байланысты, бұл үлгідегі мектептер, мүмкіндігінше, бірнеше
сыныптың оқу материалын біртақырыптық жүйеге ыңғайластыруы және соған
сәйкес оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін таңдау қажет.

1.3 Бір пәндік сабақтарды өткізуде өзіндік жұмысын ұйымдастырудың маңызы

ХХІ ғасыр – жеке тұлғаны қалыптастыру, ізгілендіру, дамыту ғасыры.
Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында
Ауыл бұл халық өмірінің бейнесі, мәдениетімен дәстүрін, салты мен рухани
өмірінің көзі. Тек қана осы факторлар жиынтығы ғана біздің ауыл
мәселелеріне, соның ішінде оның мектебіне өте сирек қарауымызды талап
етеді,- деп көрсеткен[5,123]. Ауыл жинақты мектепте бала тұлғасы
қалыптасуына ықпал ететін негізгі әлеуметтік факторлар – ауыл мектебінің
әлеуметтік-экономикалық және мәдени, тұрмыстық ахуалы. Осыған байланысты
ауыл мектебі мұғалімінің негізгі мақсаты – өмір сүру қажеттілігіне
сенімділігі бар баланың жеке тұлғасын қалыптастыру. Оқушының туған жеріне
адалдығын сақтап, қоршаған ортаға белсенді араластырып, жалпы мәдени
дамытып, білімге деген ынтасын арттыру, сөйлеу дағдысын жетілдіріп,
болашақта үлкен орта жағдайына бейімделу қабілетіне тәрбиелеу болып
табылады. Міне, осындай тұлғаны қалыптастыруда мұғалім оқытудың әртүрлі
әдістерін қолдана отырып, біріктірілген сыныпта отырған әртүрлі жастағы
оқушылардың мүмкіндіктерін, жас ерекшеліктерін жан-жақты ескеріп, олардың
өздігінен білім алуға қызығушылығын ояту, білім, білік, дағдыларын одан әрі
дамыту міндетін жүзеге асырады.
Шағын жинақты мектептің біріктірілген сыныптарында бірпәндік оқыту
жүйесінің дидактикалық негіздерінің негізгі тұжырымдары – дидактиканың
басты категорияларын тану және әдістемелік жүйеге тірек ретінде алу болып
отыр. Ол категориялардың, яғни білім беру, оқу, оқыту, білім, білік-дағды,
мақсат-міндеттер, білім мазмұны, оқыту формасы, оны ұйымдастыру жолдары,
әдістері, оқыту тәсілдері және оқытудың нәтижесі сияқты маңызды
дидактикалық ұғымдарды шағын жинақты мектеп мұғалімдерінің терең түйсінуі
пәннің сапалы оқытылуының кепілі деп айта аламыз.
Біріктірілген сыныпта әрбір сабақты өткізудің тиімді әдіс-тәсілдерін
таңдау – ұстаздан кәсіби шеберлік пен ізденімпаздықты талап етеді.
Әдістердің кейбіреуіне тоқталсақ, ұжымдық оқыту әдісі,т.б. соның ішінде
топпен жұмыс жасау:
— оқушы жалпы жұмысқа қосатын үлесін өзі анықтайды, сондықтан сабаққа
бар ықыласын салады;
— оқушылардың өздеріне деген сенімі нығаяды;
— бірлесе жұмыс істеу балалардың арасында ынтымақ бірлікті,
әдептілік қасиеттерін қалыптастырады. Әр топтың жұмыс нәтижесін бағалайтын
нақты бір жүйе дайындап алу шарт. Оқушылар жолдастарының жұмыстарын талдай
отырып, ойларын ашық айтуға үйренеді.
Шағын жинақты мектептегі бірпәндік сабақтарды ұйымдастыру барысында кез
келген оқыту әдістерін тиімді қолдана білу арқылы сапалы білімге қол
жеткізу мұғалімнен үлкен жауапкершілікті талап етеді. Сондықтан мұғалім
жоғарыда көрсетілген әдістерді толық меңгеріп, өз тәжірибесінде
шығармашылықпен қолдана білуі керек.
Біріктірілген сыныптардағы оқу үдерісі, негізінен, мұғалім басшылығымен
орындалатын және оқушылардың өздігінен орындайтын тапсырмалардың кезектесіп
келуі арқылы жүзеге асырылады.
1-сыныптан бастап оқушыларды өзіндік жұмыстарды орындауға үйрету керек.
Алғашқыда шығармашылық тапсырмалар көлемі жағынан үлкен емес, ұқсату
сипатына ие болады, яғни балаларға үлгі бойынша тапсырмалар беріледі.
Біртіндеп тапсырмалар күрделене түседі және шығармашылық сипаттағы
тапсырмаларға ұласады. Оқыту процесінде оқушылар оқулықпен және
дидактикалық материалдармен, т.б. жұмыс істеуге үйренеді.
Өзіндік жұмысты ұйымдастыру кезінде әдеттегі мектептердегі негізгі
талаптарды басшылыққа алу керек:
— өзіндік жұмыс бағдарламаның талаптарына сәйкес келуі;
— оқушының логикалық ойлау қабілетін дамытуы;
— шығармашылық жұмыс – оқушы үшін интеллектуалдық дамуының
алғышарты болуы тиіс, бұл жағдайда ол саналы түрде орындауы қажет.
Үлгісі және мазмұны бойынша өзіндік жұмыстардың әртүрлі болуы оқушының
шығармашылығын қалыптастыруға негіз болады. Оны ұйымдастыру кезінде
жүйелілік қағидасын сақтау: өзіндік жұмыс тексерілуі және бағалануы тиіс.
Шығармашылық жұмыс тек білімді бекіту кезінде ғана емес, сонымен бірге
сабақтың басқа да сатыларында орындалуы тиіс. Оқу үлгерімі нашар оқушыларға
ерекше көңіл бөлу керек мүмкіндігіне қарай оларға қосымша тапсырмалар
беріп, түсіндіру, ал озат оқушыларға қосымша күрделі тапсырмалар даярлау
қажет. Бұл тапсырмаларды алдын ала тақтаға, плакатқа немесе жекелеген
карточкаларға әзірлеуге болады. Тапсырмаларды шешу кезінде балаларды
тапсырманы әртүрлі тәсілдермен тексеруге үйрету керек. Өзін-өзі бақылау
дағдыларын дамыту үшін өзара тексеру тәсілін қолданған тиімді. Оқушылар
өзіндік жұмысты тексеру үшін бір-бірінің дәптерлерімен алмасады.
Шағын жинақты мектептерге арналған оқу-әдістемелік құралдардың
жоқтығынан бірнеше сыныппен жұмыс жасау барысында өзіндік жұмыстардың
көптеген түрлері қолданылады. Сондықтан дидактикалық материалдарды (әртүрлі
кестелер, карточкалар, тапсырмалар) оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере
отырып, шығармашылық жұмыстарын ұйымдастыруға мүмкіндік беретіндей етіп
дайындау керек.
Шағын жинақты мектептердегі өзіндік жұмыс – оқу қызметінің арнайы бір
формасы немесе оқушының күрделі іс-әрекеттерінің бір түрі болып табылады.
Шағын жинақты мектептердегі оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыруға
қойылатын талаптар төмендегідей:
— оқушылардың өзіндік жұмысын басқа түрлерімен ұштастыра білу;
— өзіндік жұмыстың шарттары оқушылар орындай алатындай болуы;
— өзіндік жұмысты орындауға жеткілікті уақыт бөлу,
— басты назарды орташа оқитын оқушыларға аудару қажет болған
жағдайда қосымша түсіндіру, ал жақсы оқитын оқушыларға қиындығы жоғары
тапсырмалар дайындау;
— мұғалім оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеріп, өзіндік
жұмыстарды ұйымдастыратын көптеген дидактикалық материалдар (әртүрлі
кестелер, карточкалар) дайындау.
Шағын жинақты мектепте біріктірілген сынып оқушыларының білімін
бақылау және тексеру мұғалім үшін күрделі жұмыстардың бірі болып табылады.
Мұғалім біріктірілген сыныптармен бір уақытта жұмыс істегенде оқушылардың
өздігінен орындау жұмыстарын үнемі бақылап отыруға мүмкіндігі болмайтын
жағдайлар кездеседі. Сол себепті мұғалім оқушыларды өзін-өзі бақылауға
үйрету керек. Өзін-өзі бақылау дағдыларын дамыту үшін оқушылардың өзара бір-
бірін тексеру тәсілін пайдаланған дұрыс. Оқушылар бір-бірімен өзара
дәптерлерімен алмасып,
өздігінен орындаған жұмыстарын тексереді. Өзіндік жұмыстар арқылы
оқушылардың өзін-өзі тексеруі және бағалауы арқылы жүзеге асырылады.
Шағын жинақты мектептегі оқу-тәрбие процесінің бірқатар өзіндік
ерекшеліктері бар. Бұл ерекшелік – мұғалімнің бір мезгілде екі, үш, тіпті
төрт сыныпқа қатар сабақ беруі. Шағын жинақты мектеп мұғалімдері күрделі
жағдайда жұмыс істейді: олар түрлі сыныптарға арналған оқу бағдарламалары
бойынша дайындығы әртүрлі оқушыларға бір мезгілде сабақ жүргізуге тура
келеді. Шағын жинақты мектеп мұғалімінің қызметі әдеттегі мектеп мұғаліміне
қарағанда қиын әрі күрделі. шағын жинақты мектеп мұғалімі күн сайын 8, 12
сабаққа дайындалады.
Дегенмен, бір уақытта бірнеше сыныптармен жұмыстың бір сыныптың
жұмысымен салыстырғанда өз артықшылықтары да бар. Мысалы, шағын жинақты
мектептің біріктірілген сыныптарында оқушылар саны аз болғандықтан, мұғалім
үй тапсырмасы мен жаңа тақырыпты әрбір оқушыдан сұрауға, балалардың жеке
ерекшеліктерін зерттеуге мүмкіндігі болады, дәптерлерді тексеруге уақыт аз
жұмсалады. Осы орайда мұғалімдер бірнеше сыныппен қатар жұмыс кезіндегі
қиыншылықтарды жеңе отырып, мектеп алдында тұрған оқыту-тәрбиелеу
міндеттерін табысты шешеді.
Біріктірілген сыныптардағы сабақтың бірінші минутынан бастап
оқушылардың көңілін аудару көп еңбекті қажет етеді.
Тарих сабақтарында ребус және сөзжұмбақтар ойындар, хронологиялық
кестелер жемісті қолданылады. Математикада ойын оқушыларға геометриялық
фигуралар, яғни шеңбер, шаршы, тікбұрыш туралы толығырақ түсінік
қалыптастыруға ықпал етеді. Әдебиет және дүниетану сабақтарында саяхат
жасау және ізкесушілер ойындары табысты пайдаланылады.
Осыған сәйкес, білім беру үдерісінде қазіргі таңда қолданысқа
енгізілген негізгі педагогикалық технологияларды: ойын арқылы оқыту, ,
жобалау және зерттеу сын тұрғысынан ойлауды дамыту, пайдаланып мұғалім өз
тәжірибесінде шығармашылықпен жұмыс жасай отырып, сапалы білімге қол
жеткізеді.
Мектебімізде мұғалімдеріміз біріктірілген сыныптарда жоғарыда аталған
педагогикалық технологияларды, оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін қолдана
отырып, бірпәндік сабақтарды ұйымдастыруда кеңінен қолдануда. Бірпәндік оқу
жүйесі іс жүзінде сабақтарды жүргізуге екі сыныпта қатарынан оқытуға
мүмкіндік береді.
Қазіргі кездегі қоғам талабына жауап беретін жеке тұлғаны
қалыптастыру, өсіп келе жатқан ұрпақ бойында белсенді өмірлік ұстаным
тәрбиелеу қажеттілігіне байланысты дидиктиканың басты мәселесі — оқыту
үрдісінде мұғалім мен оқушының өзара әрекеттесуі болып отыр. Оқушы танымдық
әрекет субъектісінің ұстанымын қамтамасыз ету міндеті, мұғалімнің
басшылығымен оқушы белсенді әрекеттен өзін-өзі басқару негізіндегі әрекетке
көшу үшін жағжайлар жасау міндеті тұрады[5,127].
Бұл міндеттердің шешімі оқыту үрдісін жалпы қайта құру есебінен
жүзеге асырылмақ. Егер оқушы сабақта белсенді ой-әрекетіне қосылса, күші
жететін қиыншылықтарды жеңу қажеттілігі алдында тұрса, қорытынды мен
жалпылау жасауға, әртүрлі сұрақтарға жауаптарды өздігшен табуға үмтылса,
танымдық белсенділігін және дербестігін қалыптастыру мүмкін болады.
Оқушылар белсенділігін осындай сипатын көрсететін қажетті шарт — дербестік
таным әрекеті. Ол ұзақ уақыт ішінде оқушылардың әртүрлі өзіндік жұмыстарын
орындаумен көбірек байланысты болды. Бұл әртүрлі өзіндік жұмыстарды
өткізудің мазмұнын кэне әдістемесін оқу материалын меңгерудің әртүрлі
кезеңінде, әртүрлі дидактикалық мақсатқа қол жеткізуге байланысты әзірлеуді
талап етті.
Бірақ оқушылар оқуын белсендірудің негізгі құралдары өзіндік жұмыстан
басқа эвристикалық әңгімелесу, бақылау, проблемалық жағдаяттар, танымдық
және қисындық міндеттер қою болғасын, өзіндік жұмыс оқушылар … жалғасы