Өскеменде ер азамат бағасы 22 миллион теңгелік көлікті өртеп жіберді (видео) — Қазақстан жаңалықтары

0

Өскеменде белгісіз ер азамат бағасы 22 миллион теңге тұратын қымбат көлікті өртеп жіберді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

өрт

Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының ПД-нің баспасөз қызметі мәлімдеді. 

Полиция қызметкерлері аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 202-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде. «Жедел-іздестіру шаралары барысында тәртіп сақшылары сол маңайдағы бейнебақылау камераларының жазбаларымен танысып шықты. Нәтижесінде түнгі сағат 02.00 шамасында ер адам көлікке жақындап, алдыңғы сол дөңгелегіне белгісіз сұйықтық төгіп, өртеп жіберген соң, бірден ізін суытқаны анықталды», — делінген ресми хабарламада.

Оқиғаға қатысы бар деген күдікті қолға түсіпті, ол 27 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Баспасөз қызметі ер азаматтың жұмыссыз екендігін атап өтті. Қ азіргі кезде оның не себепті бұл әрекетке барғаны анықталуда екен. 

 

stan.kz