Өскеменде адамды көлік қағып кетті

0
136
Өскеменде адамды көлік қағып кетті


Әлеуметтік желіде Өскемен қаласында жеңіл көліктің жаяу жүргіншіні қағып кеткені туралы бейнематериал жарияланып, тұрғындардың қызу талқысына түсіп жатыр.

Оқиға Астана көшесінде орын алған, деп хабарлайды Алтайньюс. Бейнероликтен көріп отырғанымыздай, жеңіл көлік жаяу жүргіншілер жолынан өтіп келе жатқан азаматты қағып кетті.

Әзірге ол адамның қаншалықты зардап шеккендігі туралы ақпарат жоқ. Өскемен қаласы Полиция басқармасы баспасөз қызметі  бұл оқиғаға қатысты  ресми жауап күтіп отырғандығын айтты.