«Орыс тілі» пәні: «Русский народ, велики народ» неге «Казахский народ, велики народ» емес?

0

Журналист Мейрамғазы Сапарғалиев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына 2-сыныпта оқитын баласының «Орыс тілі» оқулығындағы өрескел қателіктер жайлы айтты.

«Менің балам 2 сыныпта оқиды. Орыс тілі пәнін өткенде шолып шықсам, «Юра и Андрей играли вместе»,»Русский народ,велики народ» деген мәтіндер қаптап жүр. Неге «Асқар и Санжар иргали вместе» емес? Неге «Казахский народ, велики народ» емес?

Демек, мектеп табалдырығындағы өзге тілде оқитын балаларға біз өзге елдің идеалогиясын сіңіріп жатырмыз. Соның салдарынан ұлтаралық жанжал мен әр түрлі кереғар жағдайлар туындап жатады» дейді журналист.

Сондай-ақ, ол: «Жалпы мемлекет тарапынан қаржыландырылатын театр, кино, интернет жобалар, телеарналар мен радиолар, концерттік бірлестіктер қай тілде сөйлесе де, міндетті түрде қазақ халқының руханиятын насихаттап, құндылығын арттыруы керек. Көп жағдайда шет елдің ықпалына бұғып кетеді.

Бірде орысша бағдарлама жүргізетін радиодағы әріптесіме: «Неге Қазақстанға қатысты ақпараттарды айтпайсың?»- дегенімде,» А, мне это не интересно»- деп жауап берген еді. Расында, бізде өзге түгіл өзімізді қызықтыратын отандық, танымдық туындыларға қаражат аз бөлінеді. Интернет жобалар санаулы ғана. Болған күннің өзінде, жасаған компания сандығына тығып қояды. Ал, орыс тілді журналист немесе блогердің мектептегі базасы өзге тілде, өзге меклекеттің аренасына қалыптасқандықтан ол үшін «приоритет» және «авторитет»әрине өзі білетін елдің тілі» деді.