«Орыс халқына қарсы шықты»: Кремль Дмитрий Гордонға іздеу жариялады

0

Ресей украиналық журналист Дмитрий Гордонға іздеу жариялады.

Іздестіру қылмыстық іс шеңберінде жүргізіледі, бірақ оның нақты қандай бап бойынша қозғалғаны әзірге беймәлім.

Бұған дейін РФ Тергеу комитеті Дмитрий Гордонға қарсы үш бап бойынша қылмыстық іс қозғаған болатын. Оған халықты соғысқа шақырды, орыс ұлтына деген өшпенділік тудырды және  Ресей Қарулы күштері туралы жалған ақпарат тарады деген айыптар тағылған.

 «Гордон украиналық телеарнаның тікелей эфирінде Ресей Федерациясына қарулы шабуыл жасауға және оған қарсы ядролық қаруды қолдана отырып агрессивті соғыс бастауға шақырды», — деп мәлімдеді РФ Тергеу комитеті. 

Сонымен қатар Росфинмониторинг Дмитрий Гордонды экстремистік әрекетке немесе терроризмге қатысы бар адамдармен мен ұйымдардың тізіміне енгізген болатын.