Божколардың былығы ашылды

0
4880

Ақмола облысында жүргізілген тексеру қорытындысы бойынша «Шаңырақ Агро» компаниясы жер телімін беру конкурсының қорытындысын жою туралы сотқа арыз берілді.

Компанияның Целиноград ауданындағы 249 үлескердің жер телімдерін негізсіз тартып алғаны хабарланды.

«Шаңырақ Агро» серіктестігі құрылтайшыларының бірі Максим Божконың айтуынша, 2021 жылдың қыркүйегінде Ақмола облыстық соты компанияның барлық әрекетін заңды деп таныған.

– Сотқа арызданған адамдар жер телімдерін заңсыз тартып алғаны туралы президент атына мәлімдеме жасады. Бұл адамдардың кейбірі тіпті Оразақ ауылының тұрғындары немесе «Оразақ» ЖШС-нің бұрынғы үлескерлері емес. Шындығында, бұл жағдайды белгілі бір адамдар тудыруда. Мұны кім, не үшін істеп жатқанын айтпай-ақ қояйын, бірақ болып жатқан жай – жала, жалған ақпарат таралуда. Бұл мәселе бойынша – қазір БАҚ-та, әлеуметтік желілерде болып жатқан жайттарды – біздің заңгерлер қазір бағалап жатыр, қандай да бір реакция болуы да мүмкін, ол тек заң саласында, бәлкім, сотта қаралады, – деді Божко.

Максим Божко – Ақмола облысы мәслихатының экс-депутаты, Қазақстан жұмыртқа өндірушілері қауымдастығының басшысы, бақылау кеңесінің төрағасы және «Шаңырақ» басқарушы компаниясы» ЖШС тең құрылтайшысы. Әкесі Владимир Божконың соңғы қызметі парламент мәжілісі төрағасының орынбасары болды.

Еске салайық, маусым айының соңында Facebook қолданушыларының бірі Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы бас прокурорларының кездесуі туралы «Қазақстандағы нацистер – дайын болыңдар!» деген тақырыппен жазба жазған болатын. Владимир Божко өз парақшасында дәл осы жазбасымен бөлісті.