Орны толмас жоғалту: Танымал травматолог өмірден өтті

0
4

Медицина ғылымдарының докторы, профессор, бес монография мен жеті патенттің авторы Темірболат Сұлтанбаев қайтыс болды. Бұл туралы Алматыдағы №4 Алматы қалалық клиникалық ауруханасының Facebook-тегі парақшасында жазды.

Медициналық мекеменің мәліметінше, дәрігер бүгін, 4 тамыз күні қайтыс болды.

Темірболат Жұмасылұлы – Қазақстан Медицина ғылымдары академиясының корреспондент-мүшесі, Асфендияров атындағы Медицина университетінің кафедраларының бірінің профессоры.

Дәрігердің медицинада үлкен тәжірибесі бар. Сұлтанбаев травматология саласында жұмыс істеді және таңдаған саласындағы жетістіктері үшін бірнеше рет марапатталды.

Сондай-ақ, 2008 жылы «Алтын скальпель» номинациясы бойынша диплом алып, 2016 жылы Асфендияров атындағы медицина университетінің «Алтын медалімен» марапатталды.

Темірболат Жұмасылұлы жүздеген ғылыми еңбек пен бірқатар монографиялардың авторы.

nur.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз