Орманнан қараусыз қалған 50-ден астам жап-жаңа Toyota Camry автокөлігі табылды — Қазақстан жаңалықтары

0

Ресейдегі Челябинск қаласының маңындағы орманда жергілікті тұрғындар 56 қараусыз қалған Toyota Camry көлігін тапты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Toyota Camry

74.RU хабарлауынша, машиналардың барлығының түсі қары, сырт көріністері ұқсас. Өкілдік класты машиналар ашық аспан мен ағаштардың астында тұр, Смолино көлінің жанындағы учаскеде орналасқан.

Портал оқырмандарының бірі басылымға фотосуреттер мен бейнежазбалар жіберген. 

«Шамамен жарты жылдан бері тұр, қысқа дейін шағын партиямен алып келді. Оларды әлі ешкім айдаған жоқ», — дейді басылым оқырманы.

Жергілікті биліктің ақпараты бойынша, өткен жылдың күзінде автомобильдер Челябинскіде өтуі тиіс ШЫҰ мен БРИКС саммиттері үшін сатып алынған болатын. Үкімет сатып алуға 120 миллион рубль (1,64 миллион доллар) жұмсады.

Келісім-шартта машиналарға қойылатын техникалық талаптар нақты жазылған:»көліктің түсі — қара металлик, салон ішінен де қара, қорап-автомат, қозғалтқыш қуаты 181 а.к., жаңбыр датчигі, артқы көрініс камерасы, орындықтарды жылыту және күннен қорғайтын перделер, орындықтарды терімен қаптау».

Басылымның сұрауына жауап ретінде жергілікті билік автокөліктерді қашан пайдалануға болатындығын айтпады.

«Шешім жылдың екінші жартысында қабылданады», — деп қортындылады аймақтық үкіметте.

stan.kz