Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбадан той үстінде қалыңдықтың анасының шу шығарып жатқанын көруге болады.
Той көйлектерін киіп қонақтардың алдына шыққан екі жас ыңғайсыз жағдайда қалады. Жұбайының басындағы сәнді орамалды байқаған қыздың анасы жүгіріп барып, оның орамалын жұлмалай бастайды. «Орамалыңды шеш, орамалыңды шеш!» деп айқайлайды ол.
Бейнежазбаға қатысты оқырмандардың пікірі екіге жарылған. Олардың бір тобы қалыңдықтың киімі дұрыс деп санаса, екінші тобы мұны елдегі діни фанатизммен байланыстырған.
Қаралым саны: 96