Шөкеевтің шетел асқаны рас па?

0

Түркістан облысының экс-әкімі Өмірзақ Шөкеев орнынан түсе сала Түркияға тартып кетіпті дейді-мыс! Өтірік-шынын кім білген, ұзынқұлақтан осындай ақпарат желдей есіп жетті. Рас болса, өзіне тықыр таянғанын сезген секілді…

Негізі, Бердібек Сапарбаев секілді әдемі кетуіне болар еді. Түркістан жұртымен жылап-сықтап қоштасып, қаумалаған қауым әуежайдан қимай-қимай шығарып салса, шынайы құрметтің көрінісі сол емес пе?! Шөкеевтің алды-артына қарайлауға мұршасы болмаса керек.

Түркияға тайып тұрғаны рас болса, Шөкеевтің шикілігі көп деген сөз. Оны өзі де сезіп, тергеуге шырматылмай тұрғанда, ертерек жылыстап кеткенді жөн көргендей.

Жыл басынан бері Назарбаевтың кадрларынан арылу үрдісі жүріп жатыр. Бұл үрдіс біразға созылатын түрі бар. Шалдың шашбауын көтерген кадрлер Жаңа Қазақстанның өне-бойында өріп жүр. «Шөкеевтен кейін Абаевтың кезегі келіп қалар дейді», ұзынқұлақ.

«Самұрық Қазынаны» сорып-сорып, күресінге лақтыра салған Есімовті де ұмытпау керек-ау…