Оралдық Ержан Максим «Голос дети» жобасының финалына жолдама алды – Қазақстан жаңалықтары

0
70

Жобаның жартылай финалында өнер көрсеткен үүш баланың ішінен жетекшілік еткен Меладзе Ержан Максимді таңдаған деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі «Мойгород» басылымына сілтеп.

Оралдық Ержан Максим

Ержанның анасы айтқандай жартылай финал 2 наурызда Мәскеуде өткен. Сол кезде Ержан Максим байқаудың финалисті болып жарияланған. Ержанды қолдау үшін көпшілік жиналғанымен, ішке тек ет жақындарын ғана кіргізгенін айтады. Басқа қатысушылармен сахнада тұрғанда қатты қобалжығандарын анасы жасырмайды.

«Олар Муслима Магомаевтың «Синяя вечность» әнін шырқады. Үш орындаушыдан Валерий Меладзе Ержанды таңдады. Байқаудың финалы 26 сәуірде Мәскеуде өтеді. Қазір біз Ақтау қаласында финалға қызу дайындық үстіндеміз. Бізді вокалист Нұргүл Медербекова дайындап жатыр. жеңімпазды Дауыс беру арқылы жеңімпаз анықталатындықтан, қазақстандықтардың қолдауымен жеңіске жетеміз деп үміттенеміз. Дауыс беру мәліметтері кейінірек белгілі болады, – деп айтты Ержанның анасы Гүлмира Әлібек.

Айта кетейік, Ержан Максим №34 мектеп-гимназиясының алтыншы сынып оқушысы. Анасының айтуынша, ол мектепте үлгілі оқушы, репетиторларға барып білімін жетілдіреді, түрлі үйірмелерге қатысады, роликпен сырғанауды жақсы көреді.

«Сахнада Ержан сабырлы, тұйық көрінгенімен, өмірде ол өте мейірімді, көңілді және тартымды бала. Оның достары көп. Отбасымызда кенжеміз. Одан үкен екі әпкесі бар. Оралда Жастар мәдениет сарайында вокалдан сабақ алады. Жетекшісі Дарья Бақытова тікелей өзі қадағалап отырады», – деп хабарлады Ержанның анасы.

stan.kz