оралдық әйел күйеуі туралы шындықты жайып салды
Әйел күйеуі қоқан-лоқы көрсетіп, өзге қалаға алып кетемін деп отырғанын айтты. Ол өзінің жағдайы мәз емес екенін жеткізді
НҰР-СҰЛТАН, 1 желтоқсан — Sputnik. Оралда күйеуі кепілге алған нотариус әйел қазіргі жағдайы туралы айтты. Ол кепілден босатылса да, қауіпсіздікте екенін сезінбейтінін жеткізді, деп хабарлайды «Уральская неделя» басылымы.
Зардап шеккен әйел ауруханадан шықты. Алайда суретке түсуге келісім бермеді. Өйткені денесінің көгергені әлі кетпепті. Ол күйеуімен бірнеше жылдан бері айырылыса алмай жүргенін айтты.
Әйелдің айтуынша, күйеуі үйлене салысымен, екінші күні қол көтеріпті.
«Ол мені төрт күн бойы пәтерден шығармай қойды. Өзіне тұрмысқа шығуыма ұзақ уақыт бойы мені көндіре алмағанын есіне түсірді. Мүлдем басқа адам болып кетті «, — дейді әйел.
Оның сөзіне қарағанда күйеуінің мұндай екенін ешкім білмейді. Адамдардың көзінше өзін мүлдем басқаша ұстайды екен. Ол тіпті әйелін бірнеше рет байлап, жұмысынан алып кеткен. Сондықтан әйел жеке күзет жалдауға мәжбүр болыпты. Алайда олар көмектесе алмады.
«Ол өте мықты. Бәрі көзді ашып-жұмғанша болды. Мені ұстап алып, тамағыма пышақ тақады. Қолында граната болды. Күзетшіге шығып, есікті жап деді. Мені босатқан кезде де тауып алып, басқа қалаға алып кететінін айтты. Ол ешқашан тоқтамайды», — дейді әйел.
Тағы оқыңыз: Күйеуі көзіне шөп салғанын білген әйел кек алудың ерекше әдісін ойлап тапты
Еске сала кетсек, 28 қараша күні Орал тұрғыны әйелін кепілге алған болатын. Оқиға орнына жедел қызметтердің барлығы шұғыл жетті. Бес қабатты үйдің барлық тұрғыны эвакуацияланып, үйдің айналасы қоршалды.
Полиция мен ер адам арасындағы 6 сағаттық келіссөздерден кейін ол әйелін босатты. Ер адамды жедел арнайы жасақ қызметкерлері ұстады.
Әйел аяғынан пышақ жарақатын алған. Жәбірленуші босатылып, дәрігерлерге тапсырылды. Қазір онымен психологтар да жұмыс істеді.
sputniknews.kz