Оралда зорлықпен өлтірілген ер адамның мүрдесі табылды

0

2018 жылғы 27 желтоқсан 18:43 414

Оралда зорлықпен өлтірілген ер адамның мүрдесі табылды

ОРАЛ. ҚазАқпарат  — Оралда зорлықпен өлтірілген ер адамның мүрдесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, кеше сағат шамамен 08.30-да Конкин көшесі бойынан 1987 жылғы ер адамның мүрдесі табылды.

Аталған дерек бойынша Орал қаласының полиция басқармасы ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.

«Қазіргі кезде полиция қызметкерлері осы қылмысты жасаған күдіктілерді анықтау және ұстау бағытында жедел іздестіру шараларын жүргізуде» деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

 

 

Дереккөз: https://www.inform.kz/kz