Оралда карантин кезінде достарымен басқосу ұйымдырған алматылық блогер ұсталды — Қазақстан жаңалықтары

0

Алматылық блогер Оралда карантинді бұзғаны үшін ұсталды, ол достарымен бірге қаладағы кафеде басқосу ұйымдастырған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

блогер

Polisia.kz ресурсының мәліметінше, ғаламторға видео жүктелгеннен кейін полиция қызметкерлері достарымен бірге ер адамды ұстаған.

Полиция қызметкерлері  Қазақстанның үш азаматы карантин режимін бұзғанын білген соң, яғни қоғамдық орындарда болған, жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізген.

«Қазіргі уақытта жоғарыда көрсетілген барлық адамдар ұсталды. Оларға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 476-бабы бойынша хаттама толтырылды. Сондайақ көңіл көтеру мекемесінің қожайынына қатысты жауапкершілік шарасы сайланады»,-деп атап өтті Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібеков.

Полицейлердің мәліметіне қарағанда, роликтің авторы — Алматы қаласының тұрғыны 31 наурызда Ресейден Орал қаласындағы досының шақыруы бойынша қалаға карантин режимін енгізгенге дейін келген.

Белгібековтің айтуынша, ер адамға өзін-өзі оқшаулау тәртібін сақтау және 14 күн тұратын жерінен шықпау ұсынылған, алайда ол осы талаптарды бұзған.

«Жазалау шарасын сот анықтайды», – деп нақтылады Болатбек Белгібеков.
 

stan.kz