Елде жарияланған төтенше жағдайға байланысты жаңа сайт іске қосылды

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Психологиялық көмек көрсетуге бағытталған жаңа сайтта алдын ала өтінім қалдыру арқылы психолог пен психотерапевттен онлайн-кеңес алуға болады

НҰР-СҰЛТАН, 5 сәуір – Sputnik. 16 наурыздан бастап Қазақстанда төтенше жағдай режимі жариялануына байланысты көптеген қалалар карантинге жабылды. Коронавирус індетіне қарсы күресте азаматтарды қолдау мақсатында психологиялық көмек көрсететін жаңа сайт іске қосылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

«Интернет-ресурста алдын ала өтінім беру арқылы психологтар мен психотерапевттен онлайн-кеңес алуға болады. Сонымен қатар, сайт бетінен азаматтар өздерін қызықтырған көптеген сұрақтарға жауап табады», – дейді Қазақстандағы коронавируспен күрес жөніндегі IT-штаб мамандары.

Өтінім беруші SMS-хабарламамен жіберілген сілтемеге өту арқылы белгіленген уақытта мамандармен байланысады.

Оқи отырыңыз: 42 500 теңгені алу үшін арнайы сайт ашылады

Психологиялық көмек көрсететін сайт – covid-19.mentalcenter.kz деп аталады.

 



sputniknews.kz