Оралда «Индрайвер» такси жүргізушісі танысымен бірге жолаушы қызды зорлады

0
1735

“Индрайвер” таксиінің жолаушысы 7 тамызда шабуылға ұшыраған. Құрбысының үйінен шығып, мобильді қосымша арқылы такси шақырған. Алайда бұл сапары қайғылы жағдайға ұласқан, деп хабарлайды Уральская неделя басылымы.

“Универмаг” аялдамасы жанынан таксиге отырған.

“Салонда тағы бір ер адам отырды. Мен бұл тағы бір жолаушы деп ойладым”, — деді жәбірленуші.

Жол бойында біраз уақыттан кейін жүргізуші тиісті маршруттан бұрылып, есіктерді жауып, қала сыртына қарай бет алды. Ол көлікті тоқтатып, салоннан шықты, ал көлікте отырған жолаушы қызға шабуыл жасаған.

«Ол қарсылық танытпас үшін мені тұншықтыра бастады», — дейді қыз.

Содан кейін қызға такси жүргізушісі  зорлық-зомбылық әрекетін жасады. Осыдан кейін ер адамдар жәбірленушіні «Құс фабрикасы» ауданындағы үйге алып кеткен, онда олар оған қатысты зорлық-зомбылық әрекеттерін жалғастырды. Таңертең олар қызды жалдап тұрған пәтеріне апарып тастаған.

Жәбірленушінің адвокаты облыстық прокуратураға және БҚО полиция департаментіне полицияның әрекетіне шағым жолдады.

Зардап шеккен әйел бірден полиция шақырған.

Қыздың айтуынша, полиция сол күні телефон нөмірлері бойынша күдіктілердің жеке басын анықтаған. Олар полицияға жеткізілген соң, алғашқы жауап алу кезінде кінәсін мойындаған.

Полиция күдіктілердің екеуіне де қатысты 120-баптың 2-бөлігі «бір топ адамдар алдын ала сөз байласып жасаған зорлау; кісі өлтіру қатерімен біріккен, сондай-ақ жәбірленушіге немесе басқа адамдарға қатысты ерекше қатыгездікпен жасалған; бірнеше рет жасалған; адам қызметтік міндеттерін орындау кезінде жасаған зорлау» бойынша қылмыстық іс қозғады. Бұл қылмыстар 9 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде жазаланады.

Тергеуші күдіктілерге куәгер мәртебесін беріп, олардан ешқайда кетпеу туралы қолхат алып, босатты.

«Ауыр айып тағылып отыр, алайда күдіктілерге куәгер мәртебесі берілгені және олардың не үшін бостандықта қалғаны түсініксіз», — дейді жәбірленуші қыздың адвокаты Мереке Ғабдуалиев.

Топтық зорлау күдіктілері туралы белгілісі, 26 жаста, екеуі де үйленген, балалары бар.

Зардап шеккен қыз колледждің 3 курс студенті екені белгілі.

«Менің бүкіл өмірім осы ер адамдардың кесірінен бұзылды, денсаулығыма зиян келді, қазір өмір сүргім келмейді. Бірақ мен үндемей қалмаймын. Өйткені көптеген қыздар мұндай зорлық-зомбылық жайлы айтпай жасырып қалып жатады, содан кейін қайта-қайта орын алады. Мені зорлағандар полиция арқылы үндемей қалуым үшін ақша ұсынды, бірақ мен бас тарттым. Мен олардың заң бойынша жазаланғанын қалаймын», – деді зәбір көрген қыз сұхбатында.