Оралда азаптап өлтірілген ер адамның мәйіті табылды

Оралда азаптап өлтірілген ер адамның мәйіті табылды деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.
Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 26 желтоқсан күні сағат шамамен 08.30-да Конкин көшесі бойынан 1987 жылғы ер адамның мәйіті табылған.
Аталған факті бойынша Орал қаласының полиция басқармасы Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастаған.
«Қазіргі кезде полиция қызметкерлері осы қылмысты жасаған күдіктілерді анықтау және ұстау бағытында жедел іздестіру шараларын жүргізуде»,- деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.