Оралда анасы эскалатордан құлатып алған тоғыз айлық қыз қайтыс болды
Оралда Asia Mall жергілікті сауда орталығында анасы эскалатордан құлатып алған тоғыз айлық қыз қайтыс болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Биіктен құлағаннан кейін нәресте қалалық көпсалалы ауруханаға жатқызылған. Бала өте ауыр жағдайда жатқаны айтылды. Ол жабық ми жарақатын алған. Медициналық мекемеде қызға қан құйылды.
«19 наурызда бала есін жимастан қайтыс болды», — деді Батыс Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі өкілдері.
Жазатайым оқиға 13 наурызда түстен кейін болған еді. Эскалатормен жоғарыға көтеріп келе жатқан 35 жастағы әйел баласын ұстай алмай, 4-5 метр биіктен құлатып алған болатын. Оқиға видеосы Желіде жарияланды.