Головкин танымал промоутерлік компанияны сотқа берді

0
302
Қазақстандық боксшы, орта салмақтағы IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясын сотқа берді, деп хабарлайды kznews.kz ақпарат агенттігі.

Арыз 2018 жылғы қыркүйекте Головкиннің Сауль Альвареске қарсы екінші жекпе-жегін өткізуіне байланысты қарыздарды өндіріп алуды көздейді.

Golden Boy және Головкиннің GGG Promotions промоутерлік компаниясы бокс кешін бірге өткізді. Fight Freaks Unite хабарлауынша, қазақстандық боксшы Golden Boy-ды келісім-шартты бұзды деп айыптап, кем дегенде 3 миллион доллар қарыз талап етіп отыр.

Сот ісі Калифорния Жоғарғы сотына Лос-Анджелес округінің орталық бөлігінде берілді.

Айта кетейік, Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясын негізін алты салмақ дәрежесінде бұрынғы әлем чемпионы Оскар Де Ла Хойя қалаған еді.