Оралда әкімдік жүргізушісі қызметтік көлікпен мал ұрлады деген күдікке ілінді
Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары жүргізушісіне қызметтік көлікті мал ұрлығы үшін пайдаланды деген айып тағылды. Бұл туралы Stan.kz жазды.
Аймақтық басылымның редакциясына облыс әкімінің орынбасары Аманжол Алпысбаевтың жүргізушісі мал ұрлығы үшін қызметтік көлікті пайдаланғаны туралы ақпарат келіп түскен.
«Ол ұрланған малды Алғабас ауылынан Орал қаласына тасымалдау кезінде жол полициясынан кедергісіз өту үшін облыс әкімдігінің мемлекеттік тіркеу нөмірлері 004 RK 07 болатын Toyota Camry-50 қызметтік көлігін пайдаланды», — делінген хабарламада.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлауынша, «Скотокрад» жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Орал қаласының төрт тұрғыны ұсталды. Олар жайылымнан шаруа қожалығының иесіне тиесілі малды ұрлап кеткен.
«Ұсталғандар 30, 31, 32 және 39 жаста. Факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», — деп атап өтті полицияда.
Тергеу мүдделері үшін полицейлер толығырақ ақпаратты, оның ішінде құқық бұзушылар ұсталған көлікті де жарияламады.
Аталған фактіге қатысты БҚО әкімінің баспасөз қызметі түсініктеме берді.
«Оған нақты қызметтік автокөлік бекітілген жоқ. Ол әкімдіктің шаруашылық басқармасында кезекші жүргізуші болып жұмыс істеді. Бүгінгі таңда бұл қызметкер жұмыстан босатылды», — деді ведомствода.