Назарбаев астананы Түркістанға көшіру туралы сұраққа жауап берді (видео)

0
407
Advertisement

Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Qazaqstan телеарнасына берген сұхбатында астананың Нұр-Сұлтаннан Түркістанға ауысуы туралы қауесетке жауап берді.

Журналист Нұрсұлтан Назарбаевтан қазақстандықтар арасында ел астанасы Түркістан қаласына көшірілуі мүмкін деген қауесет туралы сұрады.

«Бұған ешқандай себеп жоқ. Мүмкін, бұл Түркістанда тұратын және қазір қаланың қалай дамып жатқанын көретін адамдардың пікірі шығар. Оның ұзақ тарихы бар. Қожа Ахмет Яссауи бұл жерге келіп, ислам дінін уағыздады. Бұл барлық түркі халықтары үшін ерекше қала», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.