Оралда әйелді пойыз қағып кетті

0
Оралда әйелді пойыз қағып кетті


Оралда жолаушылар пойызы шамамен 30 жастағы келіншекті қағып кетті.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, оқиға бүгін таңертең Желаев жолы, 4-шағынаудан маңында орын алды.

«Жедел жәрдем сағат 08.17-де шақыртылды. Бригада оқиға орнына үш минуттан кейін барған. Алдын ала мәлімет бойынша бас пен мидың ашық жарақатын алған әйел облыстық ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта нейрохирург қарап жатыр», деді ҚазАқпарат тілшісіне А.Сақпосынова.

Оқиғаның жай-жапсары анықталу үстінде.

Дереккөз: ҚазАқпарат