Оралда 42 жастағы еркек қызғаныштан ашынасын өлтірді

0

Оралда ер адам ашынасын қызғаныштан өлтірді, деп хабарлайды kznews.kz сайты inform.kz порталына сілтеме жасап.

БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 5 қараша күні Д.Қонаев шағынауданында болды.

Сағат 15.10-да зорлықпен өлтірілген 40 жастағы әйелдің денесі табылды.

Ол басынан, белінен көптеген пышақ жарақатын алған. Марқұмның мүрдесі сот-медициналық сараптамаға жіберілді.

Жедел іздестіру шаралары барысында 42 жастағы ер адам анықталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Белгілі болғанындай, аталған екеу кездесіп жүрген. Екеуі пәтер жалдап, бірге арақ ішкен. Ақыры ер адам мас күйінде ашынасын қызғаныштан өлтірген.

Қазіргі кезде ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігіне (адам өлтіру) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.