«Тұрмыста емеспін»: Мөлдір Әуелбекова екінші некесінің сәтсіз аяқталғанын хабарлады

0

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Мөлдір Әуелбекова жеке өміріне қатысты бар шындықты айтты. Өнер иесі екінші жолдасымен де ажырасып кеткенін мойындады деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бұл туралы Әуелбекованың Instagram парақшасында белгілі болды. Эстрада жұлдызы желіде сұрақ-жауап ұйымдастырып, жеке өміріне қатысты құпияның бетін ашты. Ол «тұрмыстасыз ба? деп сұрақ қойған оқырманына бірден «жоқ» деп жауап берді. Екінші некесі де сәтсіз аяқталған өнер иесі жолдасын кешіргенін мәлім етті.  Оған қоса, Әуелбекова жалғызбасты ана болудың қаншалықты қиын екенін айтып, шағымданған оқырманына қолдау білдірді. «Мен ұлым мен қызыма қарап өмірге деген құлшынысым оянып, күш-жігер аламын. Себебі менде басқа амал жоқ. Балапандарымды бағып, тәрбиелеп, аяққа тұрғызып, жеткізуім керек. Сіз де құлазымаңыз! Еш мойымаңыз! Алла көтере алмайтын сынақ бермейді. Өміріңіздің әрбір сәті тек Алланың қалауы! Шүкір, тәубе етіңіз! Алла жар болсын», — деп жазды әнші.

Cонымен қатар, Әуелбекова болашақта сахнадан түбегейлі кететінін хабарлады.