Оралда 12 жасар бала жоғалып кетті

0
Оралда 12 жасар бала жоғалып кетті


Оралда жоғалған 12 жасар бала іздестірілуде.

Оралдағы №38 орта мектептің 6-сыныбында оқитын 2006 жылғы Санжар Сатаев кеше сағат 13.30-да сабақтан шыққаннан кейін үйіне оралмаған. Үстінде қара күртесі мен бөркі, аяқкимі де қара, қызыл сөмкесі болған. Ата-анасы содан бері таба алмай, 8-775-672-32-75 немесе 102 телефонына хабарласуын сұраған.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі болған оқиғаны растап, қазіргі кезде баланың іздестіріліп жатқанын жеткізді. Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда жоғалған тағы бір баланың аман-есен табылғанын жазған болатынбыз.

Дереккөз: ҚазАқпарат