«Оқушыларды атамын!» Қарағанды облысында 13 жастағы бала теракт жасайтынын айтқан

Қарағанды облысының полицейлері терроризм туралы хабарлама таратқан адамды ұстады, — деп хабарлайды Kznews.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қарағанды облысы Полиция департаменті Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері облыс мектептерінде оқушыларды атамын деп хабарлама таратқан телеграмм-арнасының әкімшісі әрі авторын ұстады.
«13 жастағы Қарағанды қаласының тұрғыны әлеуметтік желіден терроризм тақырыбындағы ақпаратты көріп, «Очищение Караганды» деген атаумен Telegram-арна құрған. Кейін облыс төңірегіндегі мектептерде терроризм актісі дайындалып жатқаны туралы ақпарат таратқан», — деп жазылған ведомство хабарламасында.
Полиция органдары шұғыл қызметтердің шығыны үшін залалды өтеу бойынша сотқа талап-арыз береді. Баланың ата-анасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады.
фото: onlinetambov.ru