«Тоқал сыйлағыш» «жомарт қатындар» пайда болыпты»: журналист Сәуле Әбілдаханқызы пікір білдірді
![](https://kznews.kz/wp-content/uploads/2024/02/IMG_5308-750x613.jpeg)
Журналист Сәуле Әбілдаханқызы Facebook парақшасында күйеулеріне тоқал сыйлағыш “жомарт” әйелдерді сынға алды.
“Байына «тоқал сыйлағыш» «жомарт қатындар» пайда болыпты… Прямі солар байларын — Ибраһим пайғамбардай, өздерін — Сара, ал тоқалды — Ажар анамыздай сезінетін шығар…
Сонда ол «тоқал» біреуге «сыйлық» болып кете беретін зат па, құл ма, күң бе? Оны «сыйлайды», есалаң еркексымақтары ол «сыйлықты» алады… Идиотизм…
Ар-намыс, ұят дегеннен жұрдай болды бұ жұрт», — деп жазды Сәуле Әбілдаханқызы.