Оқушы мұғалімді сабақ үстінде соққыға жықты: оқиғаның мән-жайы

0
21

https://sputniknews.kz/images/1148/73/11487397.jpg

Sputnik Қазақстан

https://sputniknews.kz/Russia/20200117/12563208/oqushy-mugalim.html

Мұғалімнің даусын естіген әріптестері көмекке асықты. Алайда ашуға ерік берген оқушыны үйден келген әжесі ғана сабырға шақыра алды

НҰР-СҰЛТАН, 17 қаңтар – Sputnik. Ресейдің астанасында 8-сынып оқушысы сабақ үстінде мұғалімге қол көтерді.

Оқиға физика сабағы кезінде болған. Сабақта оқушы құлаққаппен музыка тыңдап отырыпты. Ол ұстазының ескертуіне құлақ аспаған. Кейін әйел құлаққапты тартқан кезде сындырып алған, деп жазады «Московский комсомолец» басылымы.

Бұған қатты ашуланған оқушы мұғалімді соққыға жыға бастаған. Тіпті, интерактивті тақтаның пультімен басынан ұрыпты. Мұғалімнің даусын естіген әріптестері көмекке асықты. Алайда ашуға ерік берген оқушыны үйден келген әжесі ғана сабырға шақыра алды.

Тағы оқыңыз: Алматыда баланы өлтірген өгей әкенің сотына бет-аузын тұмшалаған біреу кіріп келді

Оқыс оқиға болған мектептің ұстаздары бұл оқушының мінезі қиын екенін айтады. Осыған дейін де ұқсас жағдайлар болған. Ол 8-сыныпты осыған екінші жыл оқып жүр екен.



sputniknews.kz