ОПЕК+ елдері 11 сағат талқылады, бірақ келісімге келмеді — Энергетика министрлігі — Қазақстан жаңалықтары
Қазақстанның энергетика министрлігінде ОПЕК+ елдерінің 11 сағаттық келіссөздеріне түсініктеме берді. Келіссөздердің нәтижесі оң болмаса да, Қазақстан болашақта ортақ шешімі қабылданатынына үміттенеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
ОПЕК+ отырысы видеоконференция форматында және осы одаққа кірмейтін елдердің қатысуымен өтті. ОПЕК+ елдері коронавирус пандемиясының қысымына тап болған нарықты қолдау үшін басқа мемлекеттердің қатысуымен өндіруді қысқарту туралы жаңа келісімді құруды талқылады.
«Он бір сағаттық келіссөздер нәтижесінде тараптар келісімге келе алмады. Қазақстан өз кезегінде болашақта мұнай өндіруді ұжымдық қысқарту туралы консенсусқа қол жеткізетініне деген үмітін жоғалтпайды, бұл мұнай индустриясына оң әсер етеді», — делінген энергетика министрлігінің хабарламасында.
Видеоконференция форматында өткен отырысқа Қазақстаннан энергетика министрі Нұрлан Ноғаев қатысты. Келіссөздер барысында ол Қазақстанның өндіруді жалпы қысқартуға қатысуға дайын екенін мәлімдеді.
«Біз болашақтағы келіссөздердің қорытындысы бойынша оң нәтижелерге қол жеткізуге үміттенеміз. Әлемдік мұнай нарығындағы байқалып отырған теңгерімсіздік тек ОПЕК+ елдерінің ғана күш-жігері бұл жағдайда жеткіліксіз екенін көрсетеді. Жағдай нарықтың барлық қатысушыларының белсенді қатысуын талап етеді. Өз кезегінде, біз бүгінгі күн тәртібінің барлық маңыздылығын түсінеміз және мұнай өндіруді жалпы қысқартуға қатысуға дайынбыз», — деді Нұрлан Ноғаев.
Министр Қазақстан ОПЕК+ келісімінің қатысушысы ретінде әрқашан өз міндеттемелерін орындайтынын атап өтті.
stan.kz